қазақша · русский · english
 
 
 
05.05.2020

«Мейірімді жүрек» эстафетасы


Қасиетті Рамазан айында, Математика, физика және информатика институтының бастамасымен 2020 жылдың 25 сәуірінен 2 мамырына дейін жоспарланған қайырымдылық шаралары аясында «Мейірімді жүрек» эстафетасы өтті. Көптеген белсенді студенттер мен оқытушылардың көмегімен 150 000 тг жиналды. Жиналған қаражат 12 аз қамтылған және көп балалы отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалды.


Акция барысында аз қамтылған отбасыларға көмектесу және олардың алғысын қабылдау - бұл сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес сезім, акцияның бастамашылары игі шараға атсалысқан барлық қатысушыларына ризашылықтарын білдіреді. «Мейірімді жүрек» эстафетасын ұйымдастырушылар «Біз «Оң қолыңның бергенін сол қолың көрмесін» деген қағиданы ұстанамыз. Біздің мақсатымыз жасаған жақсылығымызды әлемге жар салу емес, мұқтаж адамдарға көмек көрсету. Елімізде көмекке шынымен де мұқтаж жандар өте көп. Сіз де біздің шағын акциямыздың қатысушысы болып, ел әлеуетінің жақсаруына өз үлесіңізді қоса аласыз. Біз осы шараның өз жалғасын тапқанын қалаймыз!»,- деп өз тілектерін білдірді.

 

Видеоматериал

 

   

 

 

   

 




Кері оралу