қазақша · русский · english
   

Талғар қаласының оқушыларымен кездесу

 

2019 жылдың 14 қаңтарында ҚазҰПУ филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары аға оқытушы Рысжан Бекішева, аға оқытушы Рошангуль Тохтамова, доктор PhD Аида Нурбаева, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс PhD студенті А.Қалиасқарова Алматы облысының Талғар қаласындағы мектептерге барды.


Кафедраның оқытушылары №1 орта И.Ф. Халипов атындағы мектебінің әкімшілігімен мектеп директоры Замзагуль Төлеубековна Мушрапиловамен, тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Кенжегүл Қадырбековамен, орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Гульнара Көкиненқызы Сағындықовамен кездесті. Кездесу барысында өзара ынтымақтастық, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету, одан әрі ынтымақтастық және кәсіптік бағдарлау жұмыстары жайлы мәселелер талқыланды.


Мектеп мәжіліс залында 10 және 11 сынып оқушылары ҚазҰПУ тарихын баяндайтын фильм көрсетілді. Оқытушылар университет даярлайтын мамандықтар жайлы баяндады. Мектеп оқушыларына жарнамалық брошюралар мен материалдар берілді, сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.


С.Сейфуллин атындағы №2 мектеп әкімшілігі (мектеп директоры Райхан Токаровна Укеева, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жолдыбаева Гүлбану Жолдыбайқызы) және №7 орта мектеп-лицейі (директоры Такура Айдарбекқызы Агильская) мокытушыларды жылы қарсы алып, 10-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.


Кездесу барысында университеттің бітіруші сынып оқушылары, сондай-ақ мамандықтар бойынша слайдтар, кафедраның ғылыми жетістіктері, студенттердің спорттық және қоғамдық өмірлері тапсырылды.


Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, келесі сұрақтарды қойды: жоғары оқу орыны мемлекеттік мекемеге жата ма; дипломның қандай түрі беріледі; бюджеттік орындардың саны; оқыдың бағасы қандай; бөліп төлеу мүмкіндігі; қабылдау үшін қанша балл жинау керек; топтағы студенттер саны қандай; университетке қандай көлікпен жетуге болады.


Әңгіме барысында оқытушылар оқушылардың қызығушылық танытқан барлық сұрақтарына толық жауап берді.

 

   

 

   

 

   

 

Кафедраның оқытушылары - жоғары сынып оқушыларына барады


2019 жылдың 11 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары доцент Рысжан Бекішева, аға оқытушы Рошангул Тохтамова, PhD докторы Аида Нурбаева Алматы қаласының №71 лицейінде кәсібі бағытталған жұмыс жүргізді.


Оқытушылар университеттің көп жылдық тарихы, құрылымы, мамандықтары, сондай-ақ оны дамыту перспективасымен таныстырды. Кездесу барысында оқыту бағыттары, университетке құжаттарды ережелері жайлы, Абай атындағы ҚазҰПУ туралы жарнамалық материалдар таратылды. Іс-шара барысында мектеп оқушылары біздің университет туралы бейнебаянды, оқу-әдістемелік жұмысы туралы, университеттің мәдени және қоғамдық өмірі туралы презентацияларды тамашалады.


Мектеп оқушылары Қазақстанның алдыңғы қатарлы педагогикалық университеті туралы көбірек мәлімет алу үшін университеттің Ашық есік күніне келуге ниет білдірді.

 

   

 

   

 

Жаңа жылдық мерекелік кеш

 

2018 жылдың 26 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институтында келе жатқан Жаңа жылға арналған мерекелік кеш өткізілді. Кештің мерекелік бағдарламасын орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанттары дайындады.


Жылы лебіздер мен құттықтауларға толы кешті, көңілді конкурстар мен викториналар, музыкалық нөмірлер, әндер мен билер толықтыра түсті. Кеш қызықты өтті!

 

   

 

Еріктілерді марапаттау

 

2018 жылдың 19 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика, математика және информатика институтының ғимаратында 90 жылдық мерейтой іс-шарасына қатысқан қызметкерлер мен студенттерді салтанатты марапаттау шарасы өтті.


«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының бірінші курс студенттері Асем Октамбек, Аружан Сабитова, Ақерке Болысбек және Шұғыла Шәдірман мерейтойлық іс-шараларда еріктілер жұмысына қатысқаны үшін мақтау қағаздарын алды.

 

 

Тазалық күні

 

Ағымдағы жылдың 20 қазанында «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері тазалық күніне қатысты.


28 Панфиловшылар атындағы саябақтың аумағын тазалау - бұл қажетті және игі іс. Балалар жұмысты көңілді істеді. Олардың жұмыстарының нәтижесі саябақтың барлық келушілеріне аян. Біздің қаламыз күн сайын таза әрі әдемі болсын!

 

   

 

   

 

Мерекелік кеш

 

2018 жылдың 6 наурыз күні «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 1 курс студенттері Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік кеш өткізді. Студенттер әйелдерге арналған өлеңдер мен әндер шырқады. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушыларына арналған көптеген жылы сөздер айтылды. Мерекелік кеш көңілді және шын жүректен өтті.

 

  

 

  

 

Поэзиямен кездесу


2017 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының орыс әдебиеті кеңесінің қатысуымен атақты қазақcтандық ақын және әдебиеттанушы Тамара Maдзигонның (1940-1982) «Өмір кескіні. Өлеңдер. Аудармалар. Мақалалар мен зерттеулер» /Құрастырушылар: С.Шубин, В.Савельева. - Алматы: Жазушы, 2017 ж./ атты кітабының тұсаукесері өтті.

Кездесуді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбішева Сауле Джунусовна ашты. Ол кітапты құрастырушылар тобымен таныстырды. Олар орыс тілі  мен әдебиеті кафедрасының профессоры Вера Владимировна Савельева және Сергей Иванович Шубин, осы адамдардың арқасында осы  әдеби кеш өтті.

Дөңгелек үстел аясында Адольф Арцишевский, Аслан Жақсылықов, Бахыт Каирбеков, Валерий Михайлов, Умит Тажикенова, Татьяна Фроловская, Надежда Чернова сынды танымал қазақстандық жазушылар кітапты талқылау жұмысына қатысты.

Ақын Тамара Мадзигонның шығармашығы туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Галина Михайловна Мучник және ф.ғ.д., профессор Ұлболсын Құрманғалиқызы Абишева да сөз сөйледі.
2 курс магистранттар ақынның, ғалымның және оқытушының шығармашылық тағдыры туралы презентация дайындады. Заманауи ақындар Давид Самойлов, Александр Кушнер, Юрий Домбровскийлер Тамара Мадзигоның шығармашылығына қатысты өз ойларын ортаға салды. Тамаша жазушы Ю Домбровскийдің жесірі  Клара Турумова-Домбровская  осы отырысқа сырттай қатысты: ол Тамара Михайловнамен студенттік кезіндегі достығы туралы естеліктерін жіберді. Ресей Жазушылар Одағы Мәскеу қалалық ұйымының төрағасының кеңесшісі  Нина Попова да кітапқа оз ой-пікірін  білдірді.

Кештің жас қатысушылары көрнекі ақындардың әңгімелерін тыңдап, эстетикалық әсер алды. Олардың арасында филология және көптілді білім беру институтының студенттері, магистранттары және докторанттары, сондай-ақ «біздің студенттердің шәкірттері» - Инновациялық және техникалық колледждің студенттері.

 

 

 

 

 

Т. Мадзигонның шығармашылық тағдыры туралы презентация