қазақша · русский · english
   

 

Кафедра республиканың түрлі оқу орындары үшін ғылыми-педагогтық мамандар даярлауда да қыруар іске ұйытқы болып отыр. Кафедраның жанында әр жылдары кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалатын арнайы диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Оған филология ғылымының докторлары, профессорлар С.Қирабаев Н.Ғабдуллин жетекшілік етті.


2016-2017 жылдар аралығында 6D010000 - Білім беру (гуманитарлық ғылымдар бойынша) «6D011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығынан философия PhD докторы дәрежесін алу жөніндегі диссертациялық кеңес жұмыс істеді. Кеңеске Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Б.Сманов төрағалық жасады.


Кафедра жүргізіп келе жатқан әдеби және ғылыми жұмыстар қатарында студенттердің ғылыми қоғамы мен С.Сейфуллин атындағы әдеби бірлестігінің қызметін ерекше атауға болады. Әдеби бірлестік жұмысын әр кездері С.Сейфуллин, С.Ерубаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Жармағанбетов, Х.Әдібаев, Т.Сыдықов, Т.Рахымжанов сияқты белгілі әдебиетші-ғалымдар басқарды. Қазір оған профессор Т.Тебегенов жетекшілік етеді. Студенттердің ғылыми үйірмесінің жұмысын ұзақ жылдар бойы Ш.Кәрібаев, Н.Ғабдуллин, Н.Келімбетов, Т.Тебегенов, Т.Рахымжанов жүргізді. Қазір оған филология ғылымдарының докторы А.Таңжарықова жетекшілік жасайды.