қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.12.2021

«Шекарасыз орыс тілі: шетелде орыс мәдениетін ілгерілетудің білім беру үлгілері» халықаралық педагогикалық форумы

 

2021 жылдың 10 және 11 желтоқсанында Ресей Федерациясының Білім министрлігі қолдауымен және де Н.И.Лобачевский атындағы Ұлттық зерттеу Нижний Новгород мемлекеттік университетімен ұйымдастырылған «Шекарасыз орыс тілі: шетелде орыс мәдениетін ілгерілетудің білім беру үлгілері» тақырыбында Ресейдің және де Қазақстанның жоғары оқу орындарының қабырғасында офлайн және онлайн форматта Халықаралық педагогикалық форум өтті.


Жоба Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қаржы академиясының қолдауымен жүзеге асырылды.


Форум аясында «Орыс тілін шет тілі ретінде оқытудың теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері: ашық білім берудегі қазіргі және даму болашағының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция, «Ресей - Қазақстан: гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту» пікірталас алаңы, педагогика мәселелері, орыс тілін шет тілі ретінде оқыту әдістемесі, студенттерді электронды оқытудың шынайылығына бейімдеу және олардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шеберлік сабақтары мен дөңгелек үстелдер өтті.


Педагогикалық форумға мұғалімдер, университет оқытушылары, ғалымдар, әдіскерлер, мәдениет саласының өкілдері қатысты.