Негізгі бет /
Хабарландыру
13.05.2019 «Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі» Халықаралық симпозиумы
2019 жылдың 16-17 мамыр аралығында сағат 09.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимаратында (Достық даңғылы 13, Алматы, Қазақстан) «Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтеді. (Қазақстан, Түркия, Германия, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, ҚХР).
Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз əдебиетінің таңдаулы үлгілері - «Бабалар сөзіне» арналған Симпозиумға: - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті; - Түркі тілі құрымы (Түркия, Анкара); - НұрОтан Алматы қалалық филиалы (Алматы); - А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы); - М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы); - Қазақстан халықтары Ассамблеясы (Алматы); - Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Астана); - Халықаралық және отандық түрколог ғалымдар; - мектеп мұғалімдері мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады.
Негізгі іс-шаралар 16.05.2019 Алқалы мәжіліс 1 секция «Бабалар сөзі және түркі тілдерініңұлттық-мәдени сипаты»
17.05.2019 Тамғалы тасқа саяхат. Бейнефильм көрсетілімі.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бас ғимараты, № 225.
Ұймдастырушы комитет: Филология және көптілді беру институты, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
|