қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.12.2021

Бастауыш сынып мұғалімдері мен бітіруші

студенттерге арналған семинар

 

2021 жылдың 02 желтоқсанында Педагогика және психология институты Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы А.И.Сафаргалиеваның ұйымдастыруымен қашықтан оқыту форматында «Ұлттық құндылықтар негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу» тақырыбында семинар өткізілді.

 

Семинарға «6B01303 - Бастауыш білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мамандығының қашықтан оқыту бөлімінің студенттері, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының мектеп мұғалімдері қатысты. Вебинарда бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеуге байланысты мәселелер талқыланды. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы, жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу туралы айтылды. Наталья Хегай (Алматы қ., № 75 ЖББМ КММ) және Сабира Абиловалардың (Нұр-Сұлтан қ., № 6 МГ КММ) баяндамалары семинар қатысушыларының ерекше қызығушылығын тудырды.