қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
13.10.2011

Ниязбеков Дәулет Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Наурыз ауылында 1989 жылы 12 ақпанда дүниеге келген.
Дәулет Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дене мәдениеті және бастапқы әскери дайындық» факультетінің «050108-Дене мәдениеті және спорт» мамандығының 3 курс студенті.
Ол еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР чемпионатының жеңімпазы, ҚР жазғы спартакиадасының чемпионы.
Бапкерлері - Абуталип Аманов және Жақсылық Оспанов.
Қыркүйектің 12 - 18 жұлдыздары арасында Стамбул қаласында ересектер арасында күрестің әр түрінен (еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер арасындағы күрес түрлері ) өткен әлем біріншілігінде Дәулет Ниязбеков 55 кг. салмақ дәрежесіндегі еркін күрестен қола жүлдені иемденіп, 2012 жылы Лондон қаласында өтетін Олимпиадаға берілген жолдаманы жеңіп алды