қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
16.11.2021

Абай университеті Назарбаев университетімен тәжірибе алмасты

 


 

Назарбаев Университетінің тәжірибесімен алмасу мақсатында онлайн-кездесу өтті. Кездесуге Назарбаев Университетінің Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің және Абай университетінің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің өкілдері қатысты.

 

Онлайн-кездесуді Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов ашып, университеттегі жастар саясаты бағытындағы жұмыстарды таныстырып өтті.

 

Назарбаев Университетінің Студенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Мирас Шарипов еліміздің үздік оқу орнындағы студенттердің өмірі, тұрмысы мен оқудан тыс жүргізілетін жұмыстар туралы толыққанды ақпарат берді.

 

Өз кезегінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова тәрбие, әлеуметтік департамент жұмысының мазмұны, құрылымы және негізгі бағыттары туралы баяндап берді.

 

Кездесу соңында екі тарап ой-пікірлерімен алмасып, алдағы уақытта бірлесіп атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

 

16.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com