қазақша · русский · english
 
 
 
 Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы
Кафедра меңгерушісі
Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-404-07-09

 

Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қалыптасу және даму тарихы


Тарих және құқық факультетіне қарасты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы 2009 жылдың қыркүйек айында құрылған. 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі аралықта кафедраның меңгерушісі болып елімізге белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Әбсаттаров Раушанбек Борамбайұлы басқарды.


2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Симтиков Жомарт Құдайбергенұлы басқарып келеді.


Кафедраның профессор-оқытушылық құрамында жоғары білікті мамандармен қатар Қазақстанға және шетелге танымал ғалымдар қызмет атқарады.  Қазіргі таңда кафедрада 5 ғылым докторлары, профессорлар - 4, қауымдастырылған профессорлар – 2, 10 ғылым кандидаттары, PhD докторлары – 6, доценттер - 5, 16 ғылым магистрі және 2- «ЖОО үздік оқытушысы» оқытушылық қызметтерін атқарады. Жалпы кафедра құрамы - 36 адам.  


Еліміздің ең ірі жоғары оқу орындарының бірі, тарихи және мәдени құндылықтардың ордасы, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы - терең ғылыми-педагогикалық бағытты қатаң ұстана келе, Саясаттану, Философия, Әлеуметтану, Дінтану, Мәдениеттану салалары бойынша республика деңгейіндегі авторлар қызмет ететін іргелі ұжымдардың бірі.


Профессор Әбсаттаров Раушанбек Боранбайұлының редакторлығымен Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ғылыми басылымы Вестник/Хабаршы журналының «Әлеуметтану және саяси ғылымдар» сериясы шығып келеді.


Докторанттар мен магистранттар алдында дәріс оқу үшін жетекші ғалымдарды шақыру, ғылыми-практикалық әріптестік туралы келісімшарт шеңберіндегі іс-шаралар, сонымен қатар, басқа да бірлесе өткізілген жұмыстар кафедраның халықаралық қызметін сипаттайды.

Кафедра докторанттары мен магистранттары Еуропаның, Американың және Орталық Азияның жетекші университеттерінің халықаралық академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне ие.


Кафедраның бұл саладағы алғашқы қадамдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасы мен Француз мемлекеттік Лион-2 университетінің Саясаттану және әлеуметтану кафедрасы арасындағы жасалған келісім-шарттар, сондай-ақ Стамбул университетімен, Мармара университетімен (Түркия Республикасы), Халықтар достығы университетімен (Ресей Федерациясы), Лондон университеті (Ұлыбритания), Оңтүстік Корея университеттерімен (Сеул қ.) және Чоннам ұлттық университетімен (Кванджу қ.), Печ университеттерімен (Венгрия) және Киев пен Беларусь мемлекеттік университеттері және т.б. университеттермен жасалған келісімшарттар шет елдердің білім нарығына шығуға мүмкіндік беруде.


2012 жылдан бастап тағылымдамадан өтуші магистранттармен өзара алмасу бойынша шетелдік әріптестермен бірлескен білім беру бағдарламалары тәжірибе режимінде жүзеге асуда. Сонымен қатар Оңтүстік Корея Кванджу қаласы Чоннам ұлттық университетімен әлемдік диаспоралар аясында жүргізілетін ғылыми байланыстар өзара қызығушылық тудыруда.

Сондай-ақ, ғылыми ынтымақтастық аясында кафедра ТМД университеттері: Т.Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетімен, Новосибирск мемлекеттік университетімен бірлескен іс-шараларды жүзеге асырады.

Кафедра жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағытталған бағдарламаларды әзірлейді және жүзеге асырады. Еңбек нарығындағы өзгерістерді және тұтынушылардың білім сапасына қойылатын талаптарын үздіксіз бақылауға мүмкіндік беретін тетіктерді жасайды.

Кафедраның жұмысы жоғары кәсіптік білімнің Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына және кредиттік оқыту технологиясының талаптарына сәйкес мамандарды теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындауға бағытталған.