Тарих және құқық институтының оқытушылары Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінде тағылымдамадан өтті
2021 жылдың 25 қазанынан 6 қарашасына дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарыих және құқық институты «Құқықтану» кафедрасының оқытушылары - зерттеуші-профессор Хамзина Ж.А., аға оқытушылар Байсымакова Д.С., Белхожаева Д.Ж. және Тұрлыханқызы Қ. профессор Е.А. Бөрібаевтың жетекшілігімен Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) заң факультетінде «Тұлғаның әлеуметтік-еңбек құқықтарын соттық және медиация нысандарында қорғау» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама нысанындағы оқытушылардың біліктілігін арттыру 72 академиялық сағат көлемінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық ғылыми жобаны орындау аясында жүзеге асырылды.