қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.10.2021

Сорбонна-Қазақстан институтында ресейлік профессор дәріс оқиды


2021 жылдың 25 қазанынан 15 қарашасы аралығында Сорбонна-Қазақстан институтының «Экономикалық мамандықтар» кафедрасында Тюмень мемлекеттік университетінің (Ресей Федерациясы) профессоры Лиман Ирина Александровна Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен іскерлік даму аясында дәріс оқиды. Экономика ғылымдарының докторы, профессор И.А. Лиман экономикалық мамандықтар студенттері үшін офлайн форматта сабақтар өткізуде. Сондай-ақ, сапар аясында магистранттар мен докторанттарға, жас оқытушыларға ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру бойынша ғылыми кеңес беріледі, академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

 

Біздің студенттерге, магистранттарға, докторанттар мен оқытушыларға оқу және ғылыми қызметте табыс тілейміз!