
Негізгі бет /
Хабарландыру
07.03.2019
Жас мұғалімдердің ғылыми-әдістемелік жұмыстарының халықаралық конкурсы
Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті - ТМД елдерінің педагогикалық кадрларды даярлау жөніндегі негізгі ұйымы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы, Педагогикалық жоғары оқу орындары мен институттарын дамыту ассоциациясы, Қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының ұлттық қауымдастығы ТМД мемлекеттерінің педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждерінің және қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының жас оқытушыларының ғылыми-әдістемелік жұмыстарының «Оқытуға үйрету» тақырыбындағы халықаралық конкурсын өткізеді.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері 1-3 дәрежелі дипломдармен марапатталады және Алматыда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 2019 жылдың мамырында өтетін «Педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеру мәселесі: жаңа кадрлар - жоғары мектепте» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырылады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|