қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.10.2021

Польша университетіндегі Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығы

 

Қос тілді алматылық «Алматор» журналының жаңа нөмірінде Слупскідегі (Польша) Помор академиясында Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының үйлестірушісі Максим Пономаренкомен сұхбат шықты.

 

Орталық 2019 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі профессор Сәуле Әбішеваның бастамасымен құрылды. Идеяны Помор академиясының басшылығы қолдады. Бүгінде Орталық - поляк-қазақ мәдени және ғылыми ынтымақтастықтың ұйымдастырушысы. Қараша айының соңында - желтоқсан айының басында Помор академиясында III Халықаралық «Абай оқулары» семинары өтеді. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады.


18.10.2021 ж.

Ақпарат көзі: wienz.kz