қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.10.2021

#ErasmusDays Erasmus+ бағдарламасының жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА) компоненті


2021 жылдың 14 қазанында Халықаралық #ErasmusDays күндері аясында негізгі іс-шара - 2 Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру (ЖБӘА) бойынша онлайн-семинар өткізілді. Вебинарды Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаментінің постдокторанты, спикер Баян Сапаргалиева ұйымдастырды.

Вебинар барысында Баян Сапарғалиева жобаға өтінішіті қалай жазу керектігі, оның ішінде ұйымның/университеттің PIC нөмірін (қатысушының сәйкестік коды - Participant Identification Code) растау, міндеттері, құрылымы, өтініш беру тәртібі, өтініш нысандары және Эразмус+ бағдарламасы ЖБӘА ұсынылатын конкурстық өтініштер құжаты туралы нақтылап айтып берді.

Онлайн-отырыстың қорытындысына келсек, қатысушы аудиторияның белсенділігін атап өтуге болады, бұл университеттердің Erasmus+ бағдарламаларының жобаларына деген қызығушылығын білдіреді және жоғары білім беруді модернизациялау қажеттілігі бар екенін, білім берудің сапасын жақсарту үшін жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен оқытушылары үшін жұмыс жасайтын нәрсе бар екенін түсіндіреді.

Вебинарға 70-ге жуық қызығушылық танытқан тыңдаушылар, ЖОО / ұйым өкілдері және қонақтар: Ош мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясы, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі және Абай атындағы ҚазҰПУ қатысты.

 

   



203

Кері оралу