қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.08.2021

«Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының негізі»
онлайн-дөңгелек үстел


2021 жылдың 27 тамызы күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 26 жылдығына арналған «Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының негізі» тақырыбында онлайн-дөңгелек үстел өтті.


Аталған шараны университеттің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланов ашып, Конституцияның басты аспектілеріне тоқталып өтті.


Іс-шараға Тарих және құқық институтының профессор Бахытжан Толеубекова, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков, Сорбонна - Қазақстан институты халықаралық құқық кафедрасының доценті Қадір Нұрғалым қатысып, мазмұнды баяндама жасады.


Дөңгелек үстел барысында егеменді елдің іргетасы - Ата заңның пәрменділігі төңірегінде ой толғаған қатысушылар, басты құжаттың адам мен азаматтың құқықтық жағдайын, басқарма нысанын реттейтін, мемлекеттік құрылымның іргетасын, адамның құқығы мен бостандығын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы екендігін айтты.


Іс-шарада қатысушылар тақырып төңірегінде ойларын ортаға салып, тұжырымды да танымды әңгіме қозғады.


Дөңгелек үстел Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент, Тарих және құқық институтының бастамасымен ұйымдастырылды.