қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ үздік үштікке енді

 


 

ҚР БҒМ ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары студенттерінің соңғы екі жылдағы халықаралық олимпиадалар мен конкурстардағы жетістіктеріне талдау жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ үздік үштіктің қатарына кірді.

 

Қазақстандық мемлекеттік жоғары оқу орындарының 800-ден астам студенті соңғы 2 жылда халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары атанған. Студенттердің жетістіктері бойынша үздік 5 мемлекеттік жоғары оқу орындарының қатарына Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қарағанды техникалық университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті кірді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Студенттердің жетістіктері бойынша үздік үштіктер қатарында. 2020 жылы Абай университеті педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша өткен халықаралық олимпиадада жүлделі орынға ие болды. Сонымен қатар 18 студент пен магистрант ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарына ие болды. Сонымен бірге ҚазҰПУ білім алушылары студенттер мен магистранттар арасында республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстары конкурстарының жеңімпаздары атанды.