қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.06.2021

Ғылыми пікірталас

«Білім сапасын арттыру жолдары: проблемалар мен жаңа міндеттері»

 

2021 жылы 12 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім сапасын арттыру жолдары: проблемалар мен жаңа міндеттеі» онлайн форматта ғылыми пікірталас өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-ның «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы (Ә.Ә.Момбек, С.Т.Исалиева) және Modern Education & Research Institute (Ekaterina Tsaranok, Brussels, Belgium).

 

Ғылыми іс-шара «Zhana Izdenister» Халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясында өтті. Пікірталасқа Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті мен Баку қаласындағы № 251 мектеп (Әзірбайжан), Ұлттық педагогикалық ғылымдар академиясы (Украина), Вологда мемлекеттік университеті (Ресей), Алеку Руссо атындағы Мемлекеттік университеті (Молдова Республикасы), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Еуразиялық технологиялық университеті, Алматы қ. Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы, Павлодар қ. Республикалық психикалық денсаулық орталығының (Қазақстан) және т.б. өкілдер қатысты.

 

Жобаға қатысушылар баяндама жасады: Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар ққ., Ақмола облысы Жарқайын ауданы, Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы, Шығыс-Қазақстан облысы Риддер қ. педагог-психологтар, мұғалімдер мен оқушылары, Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университеті (Баку, Әзірбайжан), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ.), М.Қозыбаев Солтүстік Қазақстан университеті (Петропавл қ.), Сорбонна-Қазақстан институтының студенттер мен шетелдік білім алушылар (Алматы қ.).