қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы - XI жазғы Универсиаданың жеңімпазы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ құрама командасы ХІ жазғы Универсиада жеңімпазы атанды. 2021 жылдың 2 мамыры мен 10 маусым күндері аралығында Қазақстанның 60 жоғары оқу орындарының командалары қатысқан ауқымды спорттық шара өтті. Жарыс 30 спорт түрінен өткізілді.

 

Біздің университеттің спортшы студенттері 18 алтын, 47 күміс, 102 қола медаль, барлығы 167 медаль жеңіп алды.

 

Жалпы командалық есепте 60 команданың ішінен оза шығып, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрама командасы жүлделі 3 орынға ие болды.

 

Спорттық командалар мен олардың тәлімгерлерін жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа табыстар тілейміз.