қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.06.2021

Белгілі педагог Ханзада Сүтеева 70 жаста!


2021 жылғы 10 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасы мен «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен, университеттің Тарих факультетінің үздік түлегі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ардагер ұстаз, ұлылығы мен тәлімі мол тұлға Ханзада Ағыбайқызы Сутееваның 70 жасқа толуына байланысты республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтті.


Іс-шараға республикамыздың басқа өңірлерінен қатысушылар онлайн қосылса, Алматыдағы қонақтар офлайн форматында келіп қатысты.

 

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге профессор Х.А.Сутееваның шәкірттері, әріптестері қатысты. Атап айтсақ, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Тарих факультетінің деканы Гулмира Көпенова , Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Айнагүл Еспенбетова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Әлем тарихы, Тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Тұрғанжан Тулебаев , белгілі саясаттанушы, профессор Ғали Азимбай, әріптестері Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессорлары Б.С. Жұмағұлов, М.К. Тулекова, Ж.К. Симтиков, Б.О. Жангутин, Е.А. Бурибаев, Е.Н. Ермұқанов, М.Д. Жақауов, М.М. Муратказин, Н.Б. Манапбаев сөз сөйледі.

 

Қатысушылардың барлығы профессор Х.А. Сутееваның өмір жолының тағылымы туралы, ұстаздық шеберлігі, бай адами қасиеттері жайлы сөз қозғап, жас ұрпақты тәрбиелеуде елеулі еңбегіне тоқталып өтті. Осылайша, Ханзада Ағыбайқызына шәкірттері мен әріптестері жылы естеліктерге толы күндеріне алғыс білдірді.

 

Іс-шара соңында профессор Х.А. Сүтеева университет басшылығына, әріптестеріне, шәкірттері мен келген қонақтарға алғысын білдіріп, қажырлы еңбегін әрі қарай жалғастыра беретініне сенім білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» орталығы