қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.05.2021

«Жаратылыстану ғылымдары жас ғалымдардың көзімен» халықаралық веб-конференциясы

 

2021 жылғы 12 мамырда Жаратылыстану және география институтының кешенді жоспарына сәйкес «Жаратылыстану ғылымдары жас ғалымдардың көзімен» халықаралық веб-конференция өткізілді.

 

Халқаралық конференцияның ашылуында университеттің ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректоры м.а. Сахиев Саябек және Жаратылыстану және география институтының директоры Каймулдинова Күләш алғы сөздерімен бастады. Конференцияда Париж (Франция), Москва (Ресей) және Қазақстанның жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттарының жас ғалымдары өз зерттеу жұмыстарымен таныстыру мен қатар, жаратылыстану ғылымдарындағы озық технологиялар мен идеялар: жаңа мүмкіндіктер мен кедергілер туралы өздерінің ойларын ортаға салды.

 

Іс-шара соңында қатысушылар жас ғалымдардың осындай ашық платформасы жүйелі түрде өткізілуі қажет екенін атап өтті. Институт докторанттары конференция спикерлеріне болашақта шеберлік сабақтарын өткізу туралы өз ұсыныстарын білдірді.