қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.05.2021

«Рухани жаңғыру: жастардың өркениетке қадамы» пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

 

2021 жылдың 8 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Тұңғыш Президент, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру: жастардың өркениетке қадамы» пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

 

Ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткен пікірсайыс турниріне университеттің 1-4 курс бакалавриат студенттері қатысты.

 

Интеллектуалды пікірсайыс университеттің «Рухани жаңғыру» орталығы мен ЮНЕСКО педагогикалық кафедрасының алдын ала дайындаған арнайы тақырыптарымен, жарыс Ережесіне сәйкес студенттік Американдық-парламенттік формат пен Линкольн-Дуглас форматтарында институттардың 20 құрама командасы және 20 төрешілері қатысқан онлайн платформасында жүрді.

 

Турнирдің «Үздік төрешісі» номинациясын Филология және көптілді білім беру институтының студенті Темірғалиқызы Айжан атанса, жарыстың «Үздік талпынысы» номинациясын Жаратылыстану және география институтының студенттері Серғали Тышабаев мен Айжан Базарбайдан құралған «Шах и мат» фракциясы иеленді.

 

Жарыс бойы жоғары көрсеткіштермен тәжірибе көрсеткен Тарих және құқық институтының студенті Дінмұхаммед Нуртаев пен Математика, физика және информатика институты студенті Балауса Сәрсенбекқызынан құралған «Атамекен 2» фракциясы III орынды қанжығаларына байлады.

 

Ал ақтық сайысқа шығып, тартысты ойын көрсете білген Жаратылыстану және география институтының студенттері Назерке Әмірхан мен Турысбекова Алуадан құралған «Күретамыр» фракциясы II орын иегерлері атанды.

 

І орын иегері Тарих және құқық институтының студенті Айғаным Ғаниқызы мен Филология және көптілді білім беру институтының студенті Тоғжан Батилестен құралған «Масса медия» фракциясы атанды.

 

Жеңімпаздар университет басшылығының дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жүлделі орындарды табыстау рәсімі онлайн форматта өтті.

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани Жаңғыру» орталығы



290

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler