қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.05.2021

Мектеп оқулықтарының авторлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті


2021 жылдың 24 сәуірі мен 6 мамыры аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтан оқыту орталығында мектеп оқулықтарының авторларына арналған «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы заманауи мектеп оқулығы» тақырыбында қашықтан оқыту форматында біліктілікті арттыру курсын аяқтады.

 

Курс бағдарламасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектеп оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенді дайындау және сараптау құралдарын әзірлеу саласында авторлардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды. Білім беру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектеп оқулықтарын жазуға қойылатын талаптарды іске асыру дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінді.

 

Курсқа «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Сапалы білім», «EDUStream», «Келешек-2030», «Атамұра», «INTELLECTUAL» Даму Академиясы» баспаларынан 138 тыңдаушы қатысты. Курс тыңдаушылары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жазып жүрген авторлар мен авторлық ұжымдар, сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау бойынша жұмысты жаңадан бастаған практик-мұғалімдер болды.

 

Сабақтарды өткізуге оқулықтану саласында 16 жетекші ғалым тартылды; оның 7-і Абай атандағы ҚазҰПУ қызметкерлері.

 

Курс қорытындысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов, Абай атындағы ҚазҰПУ Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Александр Семченконың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

 

Тыңдаушылар оқулықтар мен ОӘК-ге қойылатын талаптарды жаңарту жобасымен танысты, оқу әдебиетін жасау мен сараптауға, оқу бағдарламаларын жетілдіруге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.

 

   

 

   

 

   



299

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler