қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2021

Жалпыресейлік студенттік шешендік өнер конкурсы


2021 жылдың 15 сәуірінде Жалпыресейлік «What is success?» студенттік шешендік өнер конкурсы өткізілді. Конкурсты Г. В. Плеханов атындағы РЭУ гуманитарлық дайындық орталығы және №2 шетел тілдері кафедрасы, Британдық «Macmillan» баспасының қолдауымен онлайн форматта ұйымдастырды.


Конкурсқа Ресей, Қазақстан, Армения және Украинаның 8 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Конкурсқа қатысушылар өздерін көпшілік алдында сөйлейтін спикерлер ретінде көрсетіп, ағылшын тілін жетік меңгергендерін ғана емес, өздерінің шешендік шеберліктерін де көрсетті. Қазылар алқасы қатысушыларды төрт критерий бойынша бағалады - тілдік сауаттылық, дәлелдердің сенімділігі, шығармашылық тәсіл, аудиторияның сұрақтарына жауаптардың барабарлығы.


Абай атындағы ҚазҰПУ атынан 4 студент қатысты: Молдағали Мадина, Тусупова Жанар, Әмина Қыстаубаева және Нұрлыайым Мұратқызы.


Конкурс үйлестірушілері Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының м.а. Бекбенбетова Қазына және аталмыш департаменттің жетекші маманы Тұрладжиев Алпамыс болды.


Қазылар алқасы шешімімен байқау жеңімпаздары болып Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Молдағали Мәдина және Г. В. Плеханов атындағы РЭУ студенті Свиридов Николай атанды.


Екінші жүлделі орынды Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Жанара Тусупова (жетекшісі А. Жумабекова - шығыс филологиясы және аударма ісі кафедрасының профессоры ) және Г.В. Плеханов атындағы РЭУ студенті Николаенко София бөлісті.


Армян мемлекеттік дене шынықтыру және спорт институтының студенті Армен Артинян үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.


Барлық қатысушылар барынша шешендік шеберліктерін танытып, спикер ретінде өз көзқарастарын дәлелдей білетіндерін және аудиторияны баурап алу қабілеттерін көрсете білді.


Айта кету керек, қазылар алқасы біздің студенттердің дайындық деңгейі мен олардың көпшілік алдында сөйлеу қабілетінің жоғары екенін атап өтті.


Жеңімпаздарды құттықтай отырып, оларға жаңа жеңістер тілейміз! Алда бізді Жалпыресейлік студенттік конкурстары күтіп тұр: 20 сәуірде «Unique product-2021» студенттік презентациялар конкурсы, ал 13 мамырда студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары презентацияларының конкурсы өтеді. Қатысушыларға сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!

 

   

 

  

 

      

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департаменті