қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.06.2011

16.06.2011ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетіне Қытай Халық Республикасының Іле Педагогикалық университетінің ректоры профессор Сержан Ұғыбайұлы өз әріптестерімен ресми сапармен келді. Сапардың мақсаты - Іле Педагогикалық университетінде Абай орталығын ашу және ҚазҰПУ-де Қазақ-Қытай Ғылыми-мәдени, иновациялық дамыту және оқыту орталығын ашу туралы шешім қабылдау. Іс-сапар нәтижесінде жоғарыда айтылған орталықтарды ашу туралы екі жақты келісім-шартқа қол қойылды.