қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.10.2016

Ректор жұртшылық алдында есеп берді


2016 жылғы 28 қыркүйекте «Ғылым ордасында» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев Алматы қаласы жұртшылығы өкілдерімен, жұмысберушілермен, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерімен кездесіп, оқу орнының 2015-2016 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары туралы есеп берді. Баяндамада университеттің бәсекеге қабілетті білім беру, сапалы педагог кадрларын даярлау, ғылым, білімді, тәрбиені ұштастыру, халықаралық қатынастарды дамыту саласындағы іс-қызметіне терең талдау жасалды. Ректор С.Ж.Пірәлиев көпшіліктің сұрақтарына тиянақты жауап берді.

Жарыссөзге қатысушы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Шәмшә Көпбайқызы Беркімбаева, Алматы қаласы мектептері директорлары кеңесінің төрайымы, Қазақстанның Еңбек Ері Аягүл Төреқызы Миразова, академик Серік Смайылұлы Қирабаев, Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы Жақан Молдабеков, Француз Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының атташесі Северин Ван-Гастель, Алматы қаласы Медеу аудандық ардагерлер кеңесі №30 округінің төрайымы Татьяна Михайловна Крылова университет уақыт талабына сай жұмыс істеп отырғанын атап көрсетті.

Жиынға қатысушылар университет ректорының есебін қанағаттанарлық деп бағалады. Жалпы бұл кездесуге 550-ден астам адам қатысты.

 

Абай атындағы Қаз ҰПУ Баспасөз орталығы