қазақша · русский · english
   
Факультет міндеті


Біздің факультетімізде сабақ беру деңгейін сақтау және кәсіби этиканың тиісті орындалуы, білім және ғылым зерттеу нысанында жоғары стандарттарды қолдауға бағыттаған орнықты дәстүрлер орын алған. Жоғары кәсіпті білім сапасына профеессор-оқытушылық құрамы кепілдік береді.
Факультеттің ұраны: «Ел үшін қажетті кадрлар әзірлейміз!». Осы ұран факультеттің профессор-оқытушылық құрамы үшін «Қазақстан - 2050» Стратегиясын өмірге әкелу локомотиві болып табылады.
Біздің бітірушілеріміз мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Олар ғылыми мекемелерде, жоғарғы және орта білім жүйесінде, министрлік және мекемелік басқару аппараттарында жұмыс істейді. Факультеттің қазіргі заманғы материялды-техникалық базасы болашақ мамандарды сапалы түрде әзірлеуді қамтамасыз етеді.
Факультет 2004/2005 оқу жылынан бастап ҚР білім реформасына сәйкес кредиттік оқу жүйесіне өткен. Бүгінде бітірушілер шетелде, сондай-ақ ең мәртебелі университеттерде өз білімін жалғастыр алады. Шет елде білім алуға ниет білдіруші студенттер ғылыми - зерттеу жұмыстары нық айқындалған, шетелдік ЖОО-да өз білімдерін жалғастыра алады, университет магистратурасында оқуға мүмкіндіктері бар. Университеттің 1-2 курс студенттері әскери дайындық курсымен қамтамасыз етілген. Әскери кафедрада оқу төлемдері бұл ортақ сома ішіне кіреді. Факультетте оқу үшін барлық жағдай жасалған. Факультеттің Студенттері қызықты және белсенді өмірмен өмір сүреді, жастар клубына, спорт секцияларына, көркем өнерпаздар үйірмесіне, студенттің өзін-өзі басқаруға қатысуына болады. Факультет қазіргі заманғы оргтехникамен толық қамтамасыз етілген: интерактивті тақта, мультимедиялық жоба, теледидар, компьютерлік сыныптар.
Студент қатарына қабылданғаннан кейін мұқтаж студенттерге жатақханадан орын беріледі.