қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
15.03.2021

Наурыз басталды: Көрісу күні

 

ҚР Үкіметінің «Наурыз мейрамын мерекелеу тұжырымдамасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Наурыз мейрамына» арналған мерекелік іс-шаралар басталды. Мерекелік шаралар бекітілген жоспарға сәйкес ағымдағы жылдын 14-23 наурыз күндері аралығында өтеді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық іс-шаралар қажетті санитарлық шараларды және әлеуметтік қашықтықты сақтай отыра, сондай-ақ онлайн форматта өтеді.

 

15 наурызда «Көрісу күніне» орай «Қош келдің-әз Наурыз!» мерекелік құттықтау акциясы өткізілді. Шара аясында белсенді жастар университет басшылығы мен қызметкерлеріне қазақтың дәстүрлі тағамы - бауырсақ және тәттілер таратты.

 

Ұйымдастырушылары: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті, Жастар ісі жөніндегі комитеті