қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.08.2016

 

Конституция күніне арналған мерекелік шара


2016 жылдың 26 тамызында филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасыда нағыз мереке өтті. Биыл оқуға түскен магистранттар ұйымдастырған бұл шара Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Мәңгілік ел бағдарламасына арналып Жанар Каримовамен осы тақырыпта видеофильм мен презентация ұсынылды.

Жанна Кермешева өз кезегінде Конституциямыз туралы қызықты фактілерді келтірді.

Оқушы Айдана Нүсіпбекова, екінші курс студенті Нурила Қарабасова және ұстаз Төлеген Меркебаевтың орындауындағы әндерді мерекелік концертке келген мектеп оқушылары, студенттер мен ұстаздар жылы қабылдап, қошеметтерін білдірді.

    
Университетіміздің магистратурасын тәмамдап, биыл докторантураға түскен Айжан Нүсіпбекова шағын концертке саусағынан бал тамған домбырашы Айдар Әбілқасымовты шақырып, екі аспапта бірдей орындайтын музыканттың күйлерін тыңдармандар бірнеше қайтара орындатып өнеріне тәнті болды.

Кездесудің соңында кафедраның меңгерушісі Әбішева Сауле Жүнісқызы сөз алып, азаматтық, заң, патриотизм туралы ой қозғады.