қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.12.2020

Филолог студенттер - Халықаралық мәнерлеп оқу байқауының жеңімпаздары

 

2020 жылдың 21 желтоқсанында Вятка мемлекеттік университеті (Ресей) ұйымдастырған Халықаралық мәнерлеп оқу және аударма байқауының нәтижелері белгілі болды. «Филология» мамандығының 1 курс студенттері бейнероликтермен байқауға қатысты. Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының доценті Зинаида Поляктың жетекшілігімен олар Анна Ахматова мен Сергей Есениннің өлеңдерін орындаудың бейнежазбасын дайындады. Авторлардың таңдауы кездейсоқ емес: 2020 жылдың қараша - желтоқсан айларында бұл студенттер С.Есениннің (Мәскеу қ.) және А.Ахматованың (Санкт-Петербург қ.) мұражайларына әдеби кештер мен онлайн-экскурсияларға қатысты.

 

Диана Каримова байқауға қатысушы сертификатына ие болып, Милан Атмышева мен Айузак Джумабаев жүлделі орындарға ие болды. Олар «Орыс классикалық немесе қазіргі заманғы әдебиетінің поэтикалық шығармасын оқу» номинациясында II дәрежелі жеңімпаздар деп жарияланды. Бірінші курс студенттерін студенттік өміріндегі алғашқы үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

 

   

 

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы