қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.12.2020

«Латын» ғылыми-практикалық орталығының қатысуымен «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары»

республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

 

2020 жылдың 21 желтоқсанында ZOOM платформасында «Заманауи оқулық және білім беру құндылықтары» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова және Сулейман Демирель атындағы университет ректоры Қуаныш Ерғалиев құттықтау сөз айтып, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсембаев, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор, «Латын» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісі Фаузия Оразбаева, Ресей халықтар достастығы университеті шетел тілдері кафедрасының профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, психолингвист Ирина Карабулатова, ф.ғ.д., Торонто профессоры, психотерапевт Валерий Белянин пленарлық баяндама жасады.

 

Конференция бес секция бойынша жұмыс істеді. Конференцияға республика профессорлары мен пән мұғалімдері қатысты. Қонференция барысында оқулық мәтінінің мазмұны мен этномәдени сипаты, танымдық және тәрбиелік мәні, оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар, электрондық оқу басылымдары және білім берудің аксиологиялық қызметі, оқулықтың мәтіннен тыс аппаратының рөлі және оған қойылатын талаптар мәселелері қарастырылды.