қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.12.2020

Польша университетіндегі «Абай оқулары» II Халықаралық ғылыми семинары

 

2020 жылдың 9-10 желтоқсанында Слупск қаласындағы Помор академиясында (Польша) Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығы және Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы қазақ ақыны, философ және композитор Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай: философиясы, поэтикасы, рецепциясы» тақырыбындағы Абай оқуларының екі күндік халықаралық ғылыми семинарын өткізді.

 

Семинар Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің құрмет патронатымен өткізілді. Оның қатысушыларын Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алим Кирабаев мырза қарсы алды. Семинардың ашылуында Қазақстанның Польшадағы дипломатиялық корпусының басқа да өкілдері сөз сөйледі.

 

Екі университеттің атынан халықаралық семинарда олардың проректорлары - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева және Слупскідегі Помор академиясының студенттер ісі жөніндегі проректоры Данута Герчиньска қатысты.

 

Жиналғандар алдында екі ЖОО-ның көпжылдық ынтымақтастығының бастамашылары, Слупскідегі Абай атындағы Қазақ мәдениеті мен ғылымы орталығының негізін қалаушылары - Помор академиясының неофилология кафедрасының орыс филологиясы бөлімінің меңгерушісі Галина Нефагина және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева сөз сөйледі.

 

Семинарды ҚазҰПУ түлегі Максим Пономаренко жүргізді. Қазір - Померания академиясының докторанты, Абай орталығының үйлестірушісі.

 

Халықаралық семинар жұмысының бірінші күнінің бағдарламасы поляк ғалымдарының Абай шығармашылығының поэтикасын зерттеуге және оның поляк мәдениетімен байланыстарына арналған баяндамаларын қамтыды.

 

Семинардың екінші күні қатысушылар Ұлы қазақ ақыны және ағартушысы шығармашылығының лингвистикалық және дүниетанымдық аспектілерімен Абай атындағы ҚазҰПУ және Қазақстан мен Польшаның басқа да университеттерінің ғалымдары, магистранттары мен студенттерінің баяндамаларымен танысты.

 

«Мұндай кездесулер ғылыми ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, Қазақстан мен Польша мәдениеттері мен халықтарының жақындасуына ықпал етеді!»- деп, халықаралық семинарға қатысушылардың барлығы бірауыздан келісті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы



605

Кері оралу