қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
14.05.2018

 

Clarivate Analytics халықаралық мәліметтер базасында қазақстандық журналдарды индекстеу бойынша куәлікті салтанатты тапсыру рәсімі өтеді

 

2018 жылдың 15 мамырында, сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 4 академиялық журналдарын «ҚР ҰҒА xабаршысы; ҚР ҰҒА xабарлары. Химия және теxнология сериясы; ҚР ҰҒА xабарлары. Физика-математика сериясы; ҚР ҰҒА Хабарлары. Геология және техникалық ғылымдар сериясы» Clarivate Analytics (бұрынғы Thomson Reuters) халықаралық мәліметтер базасында индекстеу бойынша Куәлікті ҚР ҰҒА-на салтанатты тапсыру рәсімі өтеді.

 

Салтанатты жиын АҚШ-тың Филадельфия қаласында орналасқан халықаралық Clarivate Analytics компаниясының ТМД және Ресей бойынша директоры - Олег Уткиннің қатысуымен өтеді.


Өтетін орны: Алматы қ., Шевченко 28, «Ғылым Ордасы» ғимаратында, 3-қабат, кіші конференц-зал

 

 

ҚР ҰҒА Төралқасы