қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
23.04.2018

Хабарландыру


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай 2018 жылдың 24-25 сәуірі күндері аралығында адамдық пен адалдықтың, елдік пен ерліктің көкжиегін танытқан Хакім Абайдың мәңгі өлмес туындыларындағы ұлттық идея ұстанымдарын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» дәстүрлі республикалық студент жастардың өнер фестивалі өтеді.

 

Фестиваль «Абай өлеңдері», «Абайдың қара сөздері», «Абай әндері» байқаулары бойынша ұйымдастырылады.

 

Байқауға республикамыздың 22 жоғары оқу орнынан 106 үміткер қатысады.

 

Фестиваль байқауларына елімізге белгілі әдебиеттанушы ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, кәсіби сазгерлер мен тәжірибелі ғалым-ұстаздар қазылық етеді.

 

Ашылу салтанаты: 24.04.2018 сағат 11.00-де

 

Өтетін орны: №5 оқу ғимаратының акт залы.

 

Мекен-жайы: Төле би, 86 (С. Сейфуллин даңғылының қиылысы)