қазақша · русский · english
   
Ғылыми- зерттеу қызметі

 

 

        Ағымдағы жылдың маусым айында  Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ,ф.ғ.д., профессор  Қ.Ө.Есенованың «PRAGMALINGUISTIC STUDIES IN LINGUISTICS» атты монографиясы Франция елінің Ұлттық кітапхана  қорына енді.   Монографиямен  танысу үшін мына сілтемені басыңыз Kalbike Esenova ISBN 978-2-35175-51-3  


            2016 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының профессорлары: Г.Қосымова,Қ.Есенова, А.Жаңабекова және « ҚАЗАҚСТАН-СОЛОВАКИЯ» ғалымдарымен бірлесе «Функционалды грамматика: ұғымдары мен категориялары» атты Халықаралық ұжымдық монографиясын басып шықты.  Бұл ұжымдық монографияда Функционалды грамматика ұғымдары мен категориялары сөз болады.

     Осынау игі істі жарғастыру мақсатымен  аталмыш кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: Г.Қосымова,Қ.Есенова, М.Атабаева, Қ.Қалыбаева, доцент Г.Раева және Түрік ғалымдарымен бірлесе  жасаған «Түркітану ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ұжымдық монографиясы 2017 жылы Елтаным баспасында жарыққа шығарылды. Монографи түркітану ғылымының өзекті мәселелеріне арналған және  түркі тектес тілдердің ортақ тарихына қатысты мәселелер монографияда  басты назарға алынған.

            Сонымен қатар 2017 жылы Ресейдің Ставрополь қаласында «Логос» баспасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор И.Б. Красинаның редакциясымен жоғарыда аталған кафедраның  профессорлары Қ.Есенова,  Н.Ильясова «ЛОГОС» ғылыми орталығымен бірлесе жасаған «Тенденции и инновации фундаментальных и прикладных наук» монографиясы жарияланымға шықты.

             

 

        15.05.2015 жылы Филология және көптілді білімберу институты Жалпы тіл білімі кафедрасында 6М020500- филология мамандығы 1 курс магистрантарының  дипломдық жұмыстары бойынша курстық жұмыстары тыңдалды. Комиссия мүшелері: доцент Е.Молдасанов, аға оқытушы Н.Шуиншина, магистрант А. Қабдыраш курстық жұмыстың талаптары бойынша: тақырыптың толық ашылуы, ғылмилылығы, тақырыпты магистрантың қандай деңгейде түсінгендігі , тақырыптың теориялық жағы , Курстық жұмыс мазмұнының

 - кіріспе;
- негізгі бөлім (тараулар); 
- қорытынды бөлімдеріне ерекше назар аударылды. Кейбір жұмыстарға ескертулер ,толықтырулар, нақтылау жұмыстары ескертілді.

 

 

 

 

 

 

     03.05.2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасында 6М021200-«Түркітану» және 6М020500- «Филология» мамандықтарының 1 курс магистранттарының 2016/2017 жылғы ғылыми жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Топ эдвайзері доцент Е. Молдасанов және топтың ғылыми жетекшілерімен бірге магистранттардың ғылыми басылымдарда шыққан мақалаларына талдау жасады.

 

 

 

 

        Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасында жалпы редакциясын басқарған ф.ғ.д., профессор Қ.Ө. Есенова мен п.ғ.д., профессоры Ж.Балтабаеваның жауаптылығымен  6М021200-«Түркітану», 6М020500- «Филология» мамандығы магистранттар арасында №2 «Филологияның өзекті мәселелері» атты ғылыми конференция жинағы шықты.

 

 

      28.04.2017 ж. сағ. 11:00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, Филология және көптілді білім беру институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлының басқаруында, Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлымен «Тәуелсіздік тағылымы: мемлекеттік тілдің дамуы мен өзекті мәселелері» атты кездесу кеші өтті.

 

    Кездесу кешін Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев ашып, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлының өмір жолы, өмірлік ұстанымы: «жер,ел,тіл» мәселелері туралы ойларына сараптама жасап, еңбектерінің құндылығына тоқталды. 

 

      Кездесу кешіне: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аппарат жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик Сманов Бақтияр Өрісбайұлы, Oқу ісі жөніндегі проректоры Философия ғылымдарының докторы, профессор,ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбеков, профессор Т.Жанұзақұлы, профессор Ж.Манкеева т.б ғалымдар қатысты. Студенттер Өмірзақ Айтбайұлына қоғамдағы тіл, жер, ел мәселесі туралы сұрақтар қойып, тұшымда жауаптар алды. Қатысушылар Өмірзақ Айтбайұлының өмір жолы, өмірлік ұстанымы:
«...Баланы 12 жасқа дейін, қазақша оқыту..
...қазақша білім бергенде ғана ұлттық рухымыз биік болады...
...балабақшадан қазақ тілінде оқытпай тіректі ұрпақты қалыптастыра алмаймыз...
...Тілдің киесі мені биікке көтерді... тілім, Абай шығармалары күш береді, мені алға жетелейді ... Ана тілім, анамнан қалған бағым...» 
туралы мол ақпараттар алды. Автор студентерге өз еңбектерін сыйға тартып, қолтаңба берді.

Е. Молдасанов. 28.04.2017 ж.

 

       Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д.,профессор Қ.Есенованың басқаруымен , пед. ғ.д., профессор Балтабаева, Ж.Қ., филол. ғ.д., профессор Ильясова Н.А., Ускенбева PhD Р.М. ұйымдастыруымен ЖОО арасында «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар 13.04.2017 жылы СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ жалғасын тапты. Тіл - сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болумен қатар, өткендегі олжаларды бүгінгі күнге, ал бүгінгі пайымдарымызды келешекке жеткізу үрдісінде де өте маңызды дәнекерлік міндет атқарып келеді. Себебі, халық қай деңгейде тілдің бай қоры мен көркемділігін сақтап сөйлейтін болса, соғұрлым өрелі ойлайды; қай деңгейде ойласа, сол аяда сөйлейді. «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде»-деп елбасы Н.Назарбаев айтқандай, семинарға қатысушылар мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, ағылшын, орыс тінін және т.б тілдерді екінші шеттел тілі ретінде оқыту басты мақсатта болатынын басып айтты. Қазақ жері қазақ халхының атамекені, тілі қазақ тілі. Өзге Қазақстанда тұратын этностар қазақ тілін меңгеру арқылы,болашақтың есігін ашатынын тілге тиек етті.
         Парламент, сенат, минстрліктерден келетін хат, хабарлардың орыс тілінде келетінін тоқтату керек. Үлкен Алпауыт компанияларда жұмыс істейтін басшылар мен қызметкерлер казақ тілінде сөйлемеуі қоғам , ел тағдыры ... Елбасы айтқандай: « ... мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгілік қалады». Әр ұлт ғасырлар бойы қалыптасқан өзіне тән тілімен, салт дәстүрімен ерекше. Біз үшін Қазақстан - біздің Отанымыз, ал Отанымыздың тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл мәселесіне байланысты Нұрсұлтан Әбішұлы «Мемлекет өз тарапынан тиісті нәрсенің бәрін жасап жатыр, бүгінгі күні қазақ тілінің тиісті мемлекеттік мәртебесі бар. Тиісті заң бар. Ол іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге мүмкіндік береді. Ол заң кез келген жерде мемлекеттік тілде сөйлеуге, кез келген қағазда мемлекеттік тілде жазуға, қажет жерінде сол тілде жауап алуға жағдай жасайды. Семинар шеберлік сыныптарымен жалғасын тапты. Шеберлік сыныптарына қатысқан ЖОО оқытушылары жаңа идея, жаңа ойлармен қайтты.

СҮЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ УНИВЕРСИТЕТІ

Модератор - Нұржанова Айсұлу Балтабайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, ассоц. проф.

Шеберлік сынып

Уақыты

Тақырыбы

Жауапты

10 00-10 40

Өзге тілді аудиторияда грамматиканы оқытудың инновациялық
әдіс-тәсілдері

Ph.D., ассоц.проф. Құрманәлі А.

10 45-11 25

Қазіргі жоғары мектептегі оқыту әдістері

ф.ғ.к., ассоц. проф. Мұхамади  Қ.

11 30- 12 20

Теориялық пәндерді оқытуда
"MindMap" әдісін тиімді пайдалану жолдары

ф.ғ.к., ассист. проф. Нұржанова А.

12 20 -13 00

Тілді оқытудағы мәтіннің рөлі және оған қойылатын талаптар

ф.ғ.к., аға оқытушы Хасен Б.

                                                        

       2017 жылдың 11 сәуір күні ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Мадиева Гүлмира Баянжанқызының басқаруымен ЖОО арасындағы жылжымалы: «Көптілділікті дамыту жағдайында тұлғаны қалыптастыру» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар болып өтті. 

 

 

Семинар бағдарламаға сәйке шеберлік сабақтарымен жалғасты.

 Уақыты

Тақырыбы

Жауапты

930- 1020

Әдебиеттанушылық пәндерді оқыту: инновациялық технологиялар

Темірболат Алуа Берікбайқызы, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

11 00- 11 50

Қазақ тілін мобильді технологиялар арқылы оқытудың ерекшеліктері

Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

12 00- 12 50

Алматы қазақ тілі корпусы: тіл үйретудегі жаңа технологиялық құрал

Мәдиева Гүлмира Баянжанқызы, жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бектемирова Сәуле Бекмұхамедқызы, филология ғылымдарының кандидаты,  доцент м.а.

Уматова Жанна Мақсутқызы, филология ғылымдарының кандидаты,  доцент м.а.

Таусоғарова Аяужан Қайратқызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Семинарға Жалпы тіл білімі кафедрасының және қазақ тілі кафедрасының PhD доктаранттары, магистранттар қатынасып, өз ойларын ортаға салды.


Филология және көптілді білім беру институты, Жалпы тіл білімі кафедрасы, ф.ғ.д.,профессор М.Атабаеваның ұйымдастыруымен  23.02.2017жылы    Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ахметжанова Зәуреш Қанашқызы «Аксиологиялық лингвистика мәселелері» атты тақырыпта дәріс оқыды. Дәрісті  институт директоры ф.ғ.д.,профессор Б.Әбдіғазиұлы ашып,бүгінгі ғылымдағы жаңалықтар туралы өз ойын ортаға салды. Дәріске   институттың ПОҚ,  1- курс 6М020500-филология, 6D020500-филология, 6D021300- лингвистика,  6М021200- түркітану, 2-курс, 6D020500-филология, 6D021300- лингвистика ,6М021200- түркітану мамандығының докторант, магистрантары қатысып, өз сұрақтарына нақты жауаптар алды.

 

Жалпы тіл білімі кафедрасының ғылыми зерттеу жұмысы "ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ" аясында зерделенеді.
ЗЕРТТЕУ БАҒЫТТАРЫ:
Антропоөзектік парадигма:
 Когнитивті
 Этнолигвистикалық
 Медиалингвистикалық
 Эколингвистикалық
 Әлеуметтік лингвистика
 Лингвомәдениеттаным
Функционалды парадигма:
 Коммуникативті грамматика
 Жұмсалымдық грамматика
 Лингводидактика
Тарихи-құрылымдық парадигма:
 Тіл тарихын дәуірлеу
 Тарихи фонология
 Лингвистика тарихы

 

21.12.2016 жылы Студенттердің 71-ғылыми конференциясында Жалпы тіл білімі кафедрасы бойынша «Тіл білімінің өзекті мәселелері» және «Филологиялық ізденістердің ғылыми парадигмалары» атты екі секция жұмыс істеді. Секция жұмыстарында 10 студент, 12 магистрант филологияның түрлі мәселелеріне қатысты баяндамалар жасады.
Конфееренцияны кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө. Есенова ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Секция жетекшісі - п.ғ.д., проф. Ж.Қ. Балтабаева, Секция хатшысы - ф.ғ.к., доц. Е.М. Молдасанов және кафедраның ПОҚ тыңдап, сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Жұмыс аяғында қатысушылар төмендегідей орындарға ие болды:
1- орын Қожагелді Балнұр Ерханқызы. 5В020500 - филология .4-курс, Медиа кеңістіктегі жаңа қолданыстардың уәждемесі. Ғылыми жетекші- Ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова
1-орын Ербосын Жанна «Көне ескерткіштер тіліндегі нақыл сөздердің қазақ тілімен сабақтастығы». 1- курс магистранты. 6М021200-Түркітану. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Раева Г.М.
2-орын. Даниярова Зада Ақбайқызы. Критериалды бағалау - оқу процесіндегі жаңа әдіс.5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті. 4 курс. Ғылыми жетекші: п.ғ.д., проф. Ж.Қ.Балтабаева
2-орын. Аблакатова Ақжан Кабылашимқызы. «Ұрпақ» концептісінің танымдық ерекшеліктері. 6М020500-филология. 1 курс. Ғылыми жетекші: п.ғ.д., проф. Ж.Қ.Балтабаева
2-орын. Садық Айнагүл. 1 курс,6М012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Фразеологизмдердің қазіргі республикалық және аймақтық басылым беттеріндегі қолдану ерекшеліктері. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов
3-орын Нұрлыбаева Қымбат. Сөйлемдердің ерекшелігін айқындап белгілеудегі А.Байтұрсынұлының рөлі. 5B020500 - Филология. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., доцент Н.А.Ильясова
3-орын. Кәріпжанова Аяужан.6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті 2-курс Көне түркі тіліндегі морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздер. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымова
3-орын Ұлтанбекова Алмагүл.1 курс,6М012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Сот іс-қағаздары тілінің функциясы мен прагматикасы. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов

Секция жетекшісі - п.ғ.д.,проф. Ж.Қ.Балтабаева
Секция хатшысы - ф.ғ.к.,доц. Е.М.Молдасанов
1. Бекенова Айнұр Төлешқызы. 6М020500 - филология .2-курс, Діни тілдік бірліктердің қолданыстық сипаты.Ғылыми жетекші- Ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова.
2. 1- орын Қожагелді Балнұр Ерханқызы. 5В020500 - филология .4-курс, Медиа кеңістіктегі жаңа қолданыстардың уәждемесі. Ғылыми жетекші- Ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова
3. Бейсенбай Сәуле Сериковна5В020500 - қазақ тілі мен әдебиеті .3 ж.Жер-су атауларының этномәдени-танымдық қызметі . Ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор М.С.Атабаева
4. Қабылбекова Гаухар Нұржановна5В020500 - қазақ тілі мен әдебиеті
3 жылдық.С.Жүнісовтің «Ақан сері» романындағы рухани мәдениет деректері». Ғылыми жетекші - ф.ғ.д., профессор М.С.Атабаева
5. 2-орын. Даниярова Зада Ақбайқызы. Критериалды бағалау - оқу процесіндегі жаңа әдіс.5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті. 4 курс. Ғылыми жетекші: п.ғ.д., проф. Ж.Қ.Балтабаева
6.Бекбосын Аяулым Берікқызы. Көмекші есімдердің жеке қолданылуы. 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиеті. 4 курс. Ғылыми жетекші: п.ғ.д., проф. Ж.Қ.Балтабаева
7. 3-орын Нұрлыбаева Қымбат. Сөйлемдердің ерекшелігін айқындап белгілеудегі А.Байтұрсынұлының рөлі. 5B020500 - Филология. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., доцент Н.А.Ильясова
8. Дүйсенова Ләззат Есбосынқызы. Сөз мағыналарының жұмсалымдық ерекшеліктері. 5В011700- Қазақ тілімен әдебиеті, 4 курс. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., доцент Н.А.Ильясова
9. Ақшалбекова Нұрзат Серікқызы .2-курс ,5В012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті М.Мақатаев лирикасының ұлттық сипаты. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов
10. Түймебай Бұрымды. 5В020500 - қазақ тілі мен әдебиеті 4-курс, 1-топ Сахна тіліндегі фонетикалық ерекшеліктер. Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қ.О.Сейталиева.

 

«Филологиялық ізденістердің ғылыми парадигмалары»
Секция жетекшісі - ф.ғ.д.,доц.Н.Ә.Ильясова
Секция хатшысы - ф.ғ.к.,доц. Г.М.Раева

1.Казакбаева Шахло Шавкатовна. 6М020500 - филология 1-курс, Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық құндылықтар.Ғылыми жетекші- Ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова..

2.Парманова Эльвира Абраловна. Этноментальды мәтіндердің прагматикасы. 6М011700- Қазақ тілімен әдебиеті, 2 курс. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., доцент Н.А.Ильясова
3.Қыдырбекова Алтынай Ернаровна. Жай сөйлем синтаксисіндегі жаңалықтар. 6М012100- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., доцент Н.А.Ильясова
4. 2-орын. Аблакатова Ақжан Кабылашимқызы. «Ұрпақ» концептісінің танымдық ерекшеліктері. 6М020500-филология. 1 курс. Ғылыми жетекші: п.ғ.д., проф. Ж.Қ.Балтабаева
5. 3-орын. Кәріпжанова Аяужан.6М011700 - қазақ тілі мен әдебиеті 2-курс Көне түркі тіліндегі морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздер. Ғылыми жетекші: ф.ғ.д., профессор Г.С.Қосымова
6. 1-орын Ербосын Жанна «Көне ескерткіштер тіліндегі нақыл сөздердің қазақ тілімен сабақтастығы». 1- курс магистранты. 6М021200-Түркітану. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Раева Г.М.
7. Желеубекова Аружан «Славян тілдеріндегі түркі тектес этнонимдердің этимологиясы». 1- курс магистранты. 6М021200-Түркітану. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Раева Г.М.
8. Сейлхан Хорлан «Түрік және қазақ ақындары шығармаларындағы тілдік метафоралардың этномәдени сипаты». 1- курс магистранты. 6М020500-Филология. Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Раева Г.М.
9. Мергенбаева Айнұр.2 курс,6М020500-филология М.Мақатаев шығармашылығындағы көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшелігі . Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов
10. Батырбекова Бекзат Батырбекқызы.1 курс,6М020500 -филология Бейвербалды қарым-қатынастың ұлттық сипаты. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов
11.3-орын Ұлтанбекова Алмагүл.1 курс,6М012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Сот іс-қағаздары тілінің функциясы мен прагматикасы. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов
12. 2-орын. Садық Айнагүл. 1 курс,6М012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті. Фразеологизмдердің қазіргі республикалық және аймақтық басылым беттеріндегі қолдану ерекшеліктері. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,доц. Е.Молдасанов

 

 

 

 

Студенттер, магистранттар мен докторанттарды ғылыми жұмыстарға тартудың стратегиялық жоспары
Жас ғалымдарды, докторанттарды, магистранттарды, жас мамандарды ғылыми жұмыстарға жұмылдыру мақсатында ғылыми семинарлар ұйымдастыру.
Жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың интернет жүйесі арқылы DAAS - Distributed Application Approval System халықаралық қайырымдылық қорлары ұйымдастырған байқауларға қатысуларына қолдау көрсету;
"Электронные ресурсы и наукометрические инструменты в современном образовании и научной деятельности" айдарымен online форматта тегін өткізілетін семинар-тренингтерге жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың қатысуын ұйымдастыру, қадағалау.
Жас ғалымдардың, докторанттар мен магистранттардың «Вопросита» айдарымен өтетін блиц-олимпиадаға қатысуларын ұйымдастыру.
Студенттердің, магистранттар мен докторанттардың жыл сайын университетте өткізілетін кезекті ғылыми конференцияға қатысуын ұйымдастыру.
студенттер мен магистранттарға арналған кезекті 70 - ғылыми конференциясында Жалпы тіл білімі кафедрасы «Тіл білімінің өзекті мәселелері» секциясы бойынша жұмыс жүргізді. Нәтижесінде «Өлшем мәнді фразеологизмдердің этномәдени қызметі» тақырыбында 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Ж Мырзахметова 1 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі - ф.ғ.д.,профессор
М.С.Атабаева. « Қазақ дипломатиясы тілінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында баяндама жасаған 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті, 3 курс студенті Т. Қожабек 2 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі - аға оқытушы Сейталиева Қ. «Таңжарық Жолдыұлының тілдік тұлғасы» тақырыбында баяндама жасаған 5В011700- қазақ тілі мен әдебиеті, 4 курс студенті Т Әбу 3 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі- ф.ғ.к.,доцент Молдасанов Е.М.
Магистратура бойынша: Фразеологиялық теңеулердің ұлттық-мәдени сипаты (ағылшын-қазақ тілдері негізінде) тақырыбында баяндама жасаған 6М020500-Филология мамандығының 2курс магистранты Р. Акегожаева 1 орын, Ғылыми жетекшісі- К.С.Ныязбекова,.п.ғ.к.,доцент.
«Тіл және аңыз әңгімелердің сабақтастығы» тақырыбында баяндамасы үшін 6М021200-Түркітану мамандығының 1курс магистранты Б.Кариева 2 орын, Ғылыми жетекшісі-Раева Г.М..ф.ғ.к.,доцент;
«БАҚ тіліндегі этнофразеоматикалық тіркестердің уәждемесі» тақырыбында баяндамасы үшін 6М011700-қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты Т. Дарибаева 3 орынды иеленді. Ғылыми жетекшісі- Қ.Ө.Есенова, ф.ғ.д.,профессор.

2014-2015 оқу жылында Жалпы тіл білімі кафедрасы бойынша оқытушы-профессорлар құрамының авторлығымен жарық көрген оқулықтар мен оқу құралдары.
Есенова Қ.Ө. Медиалингвистика: мерзімді баспасөз тілін зерттеудің прагматикалық аспектісі. Оқу құралы - Алматы: «Елтаным баспасы», 2015. - 352 бет.
Ильясова Н.А., Шаханова Р.А. Сөз тіркесі синтаксисі. Оқу құралы - Алматы: 2015. «Ұлағат» баспасы. 276 бет.
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілі (4-сынып). МОН РК Оқулық, «Алматыкітап» - 2015.
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілі (3-сынып) МОН РК Әдістемелік нұсқау, «Алматыкітап» 2014,
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілі (4-сынып). МОН РК Әдістемелік нұсқау, «Алматыкітап» 2015
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілі (3-сынып) МОН РК Дидактикалық құрал, «Алматыкітап» 2014
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілі (4-сынып). МОН РК Дидактикалық құрал «Алматыкітап» 2015
Балтабаева Ж.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық, «Нұр-Дияс» баспасы - 2014
Раева Г.М.,Сәметова Ж. Қазақ әдебиеті. Дидактикалық материалдар (10-сынып). Оқулық, Мектеп баспасы - 2015.
Қосымова Г. Қазақ тілі. (Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған) Оқулық, «Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы» - 2014
Қосымова Г. Әдістемелік құрал.(Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 12-сынып мұғалімдеріне арналған) «Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы» - 2014
Қосымова Г.Дидактикалық материалдар.(Жалпы білім беретін 12 жылдық мектептің 12-сыныбына арналған) Дидактикалық материалдар.«Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясы» - 2014
Қосымова Г.Қазақ тілі. (Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған) Оқулық. «Мектеп» баспасы - 2015
Қосымова Г. Әдістемелік құрал. (Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған) Әдістемелік құрал. «Атамұра» баспасы - 2015
Қосымова Г. Әдістемелік құрал. (Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып мұғалімдеріне арналған) «Мектеп» баспасы - 2015
Қосымова Г. Қазақ тілі.(Ұйғыр тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған) Оқулық. «Мектеп» баспасы - 2015
Қосымова Г. Қазақ тілі.(Өзбек тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбына арналған) Оқулық. «Мектеп» баспасы - 2015

Жалпы тіл білімі кафедрасы 2015 жылы 04 желтоқсанда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, Нұргелді Уәлиұлының 70 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық құндылық пен рухани мәдениеттің тілдегі сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-танымдық семинар өткізді. Семинарда Нұргелді Уәлиұлы рухани құндылықтардың лингвомәдени сипатын «этномәдени код» арқылы ашудың жолдарын көрсетті. Студенттер, магистранттар, докторанттар мен кеш қонақтарының қызығушылығынан көптеген сұрақтар туындады. Оған ғалым тарапынан жан-жақты жауап берілді.

 

Кафедра ұжымы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқыту процесін әрқашанда байланыста жүргізіп келеді. Осыған орай ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытты қамтиды:

Профессор-оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары.
• Ғылыми жобалармен жұмыс.
• Студенттер, магистранттар, докторанттардың ғылыми жұмыстары.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы тіл білімі мен әдістеме саласына қатысты әр тарапты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мысалы: ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенова медиалингвистика, лингвосаясаттану, саяси дискурс, прагмалигвистика ғылымдарының даму жетістіктері ме тарихын; проф. Г.С.Қосымова академиялық шешендік өнер теориясы, тілді тарихи дәуірлеу тарихы, ауызша сөйлеу мәдениеті, т.б.; проф. М.С.Атабаева тілдегі диалектілік бірліктердің этнолингвистикалық сипаты; проф. Қ.С.Қалыбаева түркітану ғылымының жаңа бағыттары, қазақ тілінің тарихи лексикологиясы, тіл біліміндегі диалектология мәселелері, ф.ғ.к, доцент Г.М.Раева түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи фонетикасы, ф.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Әмірбекова тіл білімінің психолингвистика саласы, әлеуметтік лингвистика, когнитивтік лингвистика мәселелері, ф.ғ.к. З.Ж.Османова көркем мәтінге лингвостилистикалық талдау, қазақ әдеби тілінің тарихы мәселелерін зерттеп келеді.
Кафедра құрамындағы профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмыстары (ғылыми мақалары) индекс цитированиясы жоғары яғни импакт-факторлы журналдарда да (оны www.google-ден қарауға болады) жариялану үстінде. Мәселен, ф.ғ.д., профессор Г.Қосымованың Ресейлік жүйелі индекс цитированиясы жоғары «Международный журнал экспериментального образования» атты басылымда, профессор Есенова Пакистандағы «Middle East Journal of Scientific Research» (ISSN: 1990-9233. Scopus. Импакт-фактор 0,692), Профессор Қ.Қалыбаева Пакистандағы Middle East Journal of Scientific Research/ Volume 17 Number (3), 2014 журналында, ф.ғ.к., аға оқытушы А.Б.Амирбекованың «Lingocognitive Mechanisms of Formation of National World-views of Kazakh People» атты мақаласы Пакистандағы «Middle East Journal of Scientific Research» (ISSN: 1990-9233. Scopus. Импакт-фактор 0,692) атты халықаралық журналда жарыққа шықты.
Кафедра ұжымы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына да жетекшілік жасайды: 2014 жылы профессор М.С.Атабаеваның жетекшілігімен 5В012100 мамандығының 4 курс студенті Жұмабаева Мөлдір университетішілік ғылыми конференцияда бірінші орынды иеленді. Профессор Г.Қосымованың жетекшілігімен 5В011700 мамандығының 4 курс студенті Бекжан Мөлдір университетішілік ғылыми конференцияда бірінші орын алды. Ф.ғ.к. Г.Раева университет ректоры тарапынан жарияланған студенттердің ғылыми жобасы гранты бойынша байқауды жеңіп алған 4 курс студенттері Н.Айдосова мен А.Ізтілеуованың «Қыпшақ-ноғай тілдеріндегі дыбыстық сәйкестіктер» атты ғылыми жұмысына жетекшілік жасады, жоба нәтижелері ғылыми мақала, сөздік түрінде жарық көрді. Кафедра жанында «Тілтаным» атты ғылыми үйірме жұмыс істейді. Ғылыми үйірменің ұйымдастыруымен жыл сайын студенттердің дәстүрлі конференциясы, дөңгелек үстел және олимпиадалар өткізіледі.
Кафедра ұжымы республикалық деңгейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Мәселен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік бағдарламасы гранттық ғылыми жобалар негізінде «Қазақтың саяси-дипломатиялық тілінің когнитивтік аспектісі» (2012-2014); «Қазақтың сөз және тіл стилистикасының когнитивтік сипаты» (2012-2014); «Қазақстандағы этникалық топтардың тілдерін оқыту бойынша көптілді инновациялық әдістемені әзірлеу» (2013-2015) , «Қазақ дискурсының зияткерлік әлеуеті - елдің рухани қауіпсіздік негізі» тақырыптар бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарды.

Ф.ғ.д., Атабаева Мереке Сатылғанқызының ұйымдастыруымен семинар 28,01,2016 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкерлері, фил.ғыл.докторлары А.Жаңабекова мен О. Жұбаеваның " Қазақ тілінің функционалды грамматика" атты ғылыми-теориялық семинары.


2014 жылғы « «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиінің ғылыми-лингвистикалық негізі»; атты университетішілік гранттық қаржыландыру жобасына қатысып, еңбек етіп келеді.
2014 жылы кафедра бойынша 4 лингвистикалық семинар болып өтті. Оның ішінде шетелдік ғалымды шақырып, дәрісін тыңдау шарасы - 1; отандық ғалымдардан дәріс алу - 3 рет болып өтті:
1. 19 қараша 2014 ж. «Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне әсері» семинарда профессор Авакова Раушангүл дәріс оқыды. (36 сағат)
2. 21 қараша 2014 ж. «Қазақ тілі - әлемдік мәдени кеңістікте» семинарында профессор А.Салқынбай дәріс оқыды (36 сағат)
3. 25 -30 сәуірде 2014ж. «Шығыстану мен түркітану ғылымы әлемдік кеңістікте» атты семинарда профессор Б.Сағындықұлы дәріс оқыды (72 сағат)
4. 1-12 желтоқсан 2014ж. Turkic lexicology basic Turkic lexicon and language contact»атты тақырыпта Познань университетінің профессоры Х.Янковский дәріс оқыды (72 сағат).


Ғылыми жұмыстар жетістіктері.
25. 11. 2014

2014 жылдың 25 қарашасында кафедра оқытушысы Қ.Сейталиеваның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2 курс студенттері арасында «Сәлем сөздің анасы» атты ток-шоу өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттерді ұлттық құндылықтарды тануға, әдептілік пен қарым-қатынас этикасын сақтауға тәрбиелеу.

27. 11 - 4. 12. 2014

2014 жылдың 27 қарашасынан бастап 4 желтоқсанына дейін кафедраның әдісбірлестік жетекшісі профессор М.Атабаеваның ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары Г.Смағұлова мен Р.Авакова дәріс оқыды. Аталмыш семинарда «Түркі мәдениетінің әлем өркениетіне әсері» және Қазақ тілі - әлемдік мәдени кеңістікте» атты тақырыптар талқыланды.

10 -17 желтоқсан 2014ж

2014 жылдың 10 -17 желтоқсан аралығында кафедраның халықаралық байланыс істеріне жауапты профессор Г.Қосымованың ұйымдастыруымен Познань университетінің профессоры Х.Янковскийдің «Turkic lexicology basic Turkic lexicon and language contact» 72 сағаттық дәрісін тыңдау семинары өткізілді.

29.01.2015

2015 жылдың 29 қаңтар күні кафедра ұжымға қазақ әдеби тілін
зерттеуші белгілі ғалым, ҚРҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рабиға Сыздықпен рухани әңгіме жүргізу мақсатында «ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ» атты университетішілік ғылыми іс-шара өткізді. Кездесу кешінде тіл білімінің өзекті мәселелері, ауызша тіл арқылы дамыған қазақ тілінің қазіргі мәртебесі талқыланды. Академик ғалым студенттердің сұрақтарына тұщымды жауап берді. Ғылым жолындағы ізденіс пен жетістіктерді, оны қоғам мүддесіне пайдалану жолдары туралы кеңес берді. Кездесу кешін университеттің оқу ісі жөніндегі проректор А.Құлсариева ашып берді. Кездесу кешіне А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлары мен академиктері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.
Кеш ән-жырмен аяқталды. Студенттер Рабиға Сыздыққа арнаған арнау өлеңдерін оқыды.

30.01.2015

Кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы
Г.ҚОСЫМОВАНЫҢ жетекшілігімен университет докторанты Абдулжанова Зиядам 2015 жылдың қаңтар айында докторлық диссертациясын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінде сәтті қорғады.

2.02.2015

Кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы
Қ.ҚАЛЫБАЕВАНЫҢ жетекшілігімен университет докторанты Аида Мусағұлова 2015 жылдың қаңтар айында докторлық диссертациясын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесінде сәтті қорғады.

9 - 16 ақпан 2015

2015 жылдың ақпан айында кафедра Гази университетінің профессоры
Хабиби Языджы Эрсон ханымның «ҚЫПШАҚ ТІЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮРКІ ТІЛДЕР ТАРИХЫ» тақырыбында дәрісін тыңдау семинарын ұйымдастырды. Семинар 5 күнге жалғасты. Дәріске университет ғалымдары ғана емес, Алматы қаласындағы басқа да ЖОО-ның оқытушылары келіп қатысты. Семинарда түркі тілдес халықтардың тіліндегі әлі анықталмаған ортақ белгілердің түпкі этимологиясы туралы мәселелер қызу та