Ғалымның биігі!
Құрметті Болат Сағидоллұлы, Сізді Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Академиктің дәрежесі, әсіресе РЖҒА сияқты беделді мекеме-біздің ғалымдар үшін ғылым шыңына жету жолындағы ең жоғары ғылыми атақтардың бірі.
Бұл белгілі тарихшы-ғалым, ұлағатты ұстаз Болат Жұмагұловтың көп жылғы ізденісі мен тынымсыз еңбегінің биік көрсеткіші, ғылыми еңбегінің елеулі нәтижесі деп білеміз.
Сізге шығармашылық табыс, ғылым саласында биік шыңдарды бағындыра беруіңізге тілектеспіз!
![](https://kaznpu.kz/docs/institut_istorii/7.9.20201.2.jpg)
Құрметпен,
Тарих және құқық институтының ұжымы!