қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.03.2016

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде 2016 жылдың 29-31 наурызында «5В060900-География» мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеттерінен дайындалған командалар қатысты. Республикалық пәндік олимпиада үш айналым бойынша жүргізілді. Бірінші айналым «Диалог» - командаларды таныстыру; екінші айналым «Танымдық» - тесттік және практикалық  тапсырмалар, үшінші айналым «Өзіндік жұмыс». Тақырыптары: «Жібек жолының жаңа экономикалық белдеуі: даму болашағы» және «Жасыл энергетика: Қазақстанда дамудың негізгі әлемдік тенденциялары және мүмкіндіктері». Олимпиадаға Жаратылыстану және география институты, Елтану және туризм кафедрасының 5В060900-География мамандығы бойынша 4-курс студенттерінен құралған «Хан Тәңірі» командасы қатысты. Команда мүшелері Қоныс Байрамгүл, Нұрмахамбетұлы Нұрдәулет, Қадырханова Жансая, ғылыми жетекшісі аға оқытушы, география магистрі А.Н.Бейкитова.  Республикалық пәндік олимпиаданың қорытынды нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте «Хан Тәңірі» командасы І дәрежелі дипломмен, ал жекелей есеп бойынша Қоныс Байрамгүл ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.