қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2020

«Рухани жанғыру» бағдарламасы: қазақ тіліндегі жаңа оқулықтардың тұсаукесері

 

Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының аударма бөлімі мамандығының 2-ші курс магистранттары Нұрсулу Өміртасова мен Айжан Әуелбекова профессор Айгүл Жұмабекованың жетекшілігімен «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың онлайн-тұсаукесерін дайындады: «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» (K. Armstrong. «A History of God»), «Тіл біліміне кіріспе» (V. Fromkin, R. Rodman, N.Hyams. «An Introduction to Language»).


Аталған презентация студенттер мен магистранттарды, докторанттарды осы оқулықтар мазмұны мен аудармасының ерекшеліктерімен, авторларымен, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жұмыстар атқарып жатқан «Ұлттық аударма бюросының» аудармашыларымен таныстырады.

Тұсаукесердің ерекше өзектілігі - «Рухани жанғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы жарық көрген және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында оқу үдерісіне енгізілген жоғарыдағы оқулықтарға осы уақытқа дейін аударма бағытында талдау жасалмағаны болып табылады.

 

Видеоматериалдар:


Karen Armstrong «A History of God: 4,000 Quest of Judaism, Christianity and Islam»

 

V. Fromkin, R. Rodman, N. Hyams - «An Introduction To Language»

 

   

 

   

 

   

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы