қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.04.2020

Педагогикалық практика бойынша химия кафедрасының бітіруші студенттерінің қорытынды онлайн-конференциясы

 

2020 жылдың 25 сәуірінде Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының ұйымдастыруымен «5В011200-Химия», «5В060600-Химия» мамандықтары бойынша бітіруші студенттердің педагогикалық практикасы туралы қорытынды онлайн-конференциясы өтті. Конференция Zoom бағдарламасы бойынша өткізілді.

 

Онлайн-конференцияға Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Рахымберді Жетібай, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ляззат Демеуова мен ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, химия кафедрасының меңгерушісі Жазира Мұқатаева, доцент Жанна Тілекова, мектеп өкілдері: №92 лицейдің химия пәні мұғалімі Тәңірберген Мықтыбек, №146 мектептің химия пәні мұғалімі Нұрсұлтан Сағынтай, химия кафедрасының педпрактика бойынша жауапты тұлғасы Нұрсұлу Жүсіпбекова, оқытушы-әдіскерлер: профессор Бәкір Мансуров, профессор Раушан Тургумбаева, доцент Зульфия Өнербаева, х.ғ.к. Жанар Жақсибаева, х.ғ.к. Жанар Қорғанбаева, аға оқытушы Жанар Қожағұлова, оқытушылары Балкенже Жолдасбек, Салтанат Заурова және бітіруші курс студенттері қатысты.

 

Бітіруші курс студенттерінің баяндамасының алдында Күләш Қаймулдинова, Рахымберді Жетібай, Жазира Мұқатаева сөз сөйледі. Олар білім беру бағдарламасына енгізілген «Дуальды оқыту жүйесінің» тиімділігін және 4 курс студенттері жыл бойы педагогикалық практиканы өтіп, практиканың өтілген мерзімі еңбек өтіліне кіретінін және ең бастысы жұмысқа орналасудың оңтайлы жағдайларын қарастыралатындығы туралы сөз қозғады.

 

Онлайн-конференция барысында 4 курс студенттері 2020 жылдың 16 қыркүйегі мен 20 сәуір аралығында өткен педагогикалық практика туралы есеп-баяндамаларын ұсынды. Онлайн-конференцияда студенттер жетістіктер мен қиындықтар туралы, оқытушылық қызметтен алған әсерлері туралы айтты.

 

Бітіруші курс студенттерінің баяндамаларынан кейін практиканың өтуі, ұйымдастыруы және студенттерінің дайындық деңгейі туралы пікірталас болды. Педагогикалық практиканы қорытындылай келе, студенттер практиканы оқудан үзіліссіз аяқтап, ұзақ уақыт бойы оқу жылының қыркүйек айынан сәуір айына дейін университет қабырғаларында алған білімдерін оқу базаларында жүзеге асыруға және дағдыларды игеруге мүмкіндік берді деген қорытындыға келді, себебі олардың білім сапасы жұмыс орындарындағы қызметтік міндеттерді орындаумен, теория мен практиканың арасындағы алшақтықты жоюмен байланысты.

 

Педагогикалық бағытта оқитын студенттерден басқа ғылыми бағыттағы білім алатын 1 студент академиялық күнтізбеге сәйкес Өскемен қаласындағы Үлбі металлургиялық зауытында тәжірибеден өткен болатын. Ол өз сөзінде болашақта ғылыми бағыттағы барлық бітіруші студенттер кәсіпорындарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады деп ұсынысын білдірді, бұл олардың біліктіліктерін практикада қолдануға және жетілдіруге мүмкіндік береді деген ойда болды.

 

Мектеп өкілдері: № 92 лицейдің химия пәнінің мұғалімі Тәңірберген Мықтыбек және № 146 химия пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Сағынтай педагогикалық тәжірибе туралы өз пікірлерін білдірді. Өз сөздерінде олар студенттерге, олардың жетекшілеріне, сондай-ақ педагогикалық практиканы ұйымдастырушы Мансап орталығына практиканың өту кезінде жемісті жұмыс жасаған үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Қорытынды сөз сөйлегендер: Ляззат Демеуова, Қалампыр Жұмағұлова, әдіскерлер: Зульфия Өнербаева, Жанар Қорғанбаева және химия кафедрасының педагогикалық практикасына жауапты тұлға Нұрсұлу Жусупбекова.

 

Жалпы, бітіруші курс студенттерінің педагогикалық практика бойынша қорытынды онлайн-конференциясы жоғары деңгейде өтті, оның барысында студенттердің баяндамалары тыңдалып, практика туралы пікірталас өткізіліп, мектеп өкілдерінің пікірлері тыңдалып және педагогикалық практика бойынша онлайн-конференциясы қорытындыланды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Химия» кафедрасы