қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.04.2020

Шахматтан онлайн-турнир өткізілді

 

Елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты университетіміздің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес студенттердің уақытын тиімді өткізу мақсатында 2020 жылдың 20-22 сәуірі күндері аралығында Математика, физика және информатика институтының студенттері арасында «Шахматтан» онлайн-турнир өткізілді.

 

Студенттердің белсенділігінің арқасында шарада 6 ойыншыдан 6 командаға бөлінген 36 қатысушы бақ сынасты. Қатысушылар арнайы Lichess программасы арқылы ойнады.

 

«Шахматтан» онлайн турнирінің қорытындысы бойынша 1 орынды Математика мамандығының 2 курс студенті Асылханова Айнұр жеңіп алып, 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды, 2 орынды Математика-физика мамандығының 1 курс студенті Хайретдинова Дарияға жеңіп алып,  10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды, 3 орында Математика-информатика мамандығының 1 курс студенті Сапарбаев Жарас жеңіп алып, 5000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

 

Сөз соңында жарысқа қатысушылар университет басшылығы мен ұйымдастырушыларға үлкен ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті