қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.04.2020

«Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың Қазақстандық-ресейлік тәжірибесі» вебинары өтті

 

2020 жылдың 7 сәуірінде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ресейлік әріптестердің қатысуымен «Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың Қазақстандық-ресейлік тәжірибесі» онлайн-вебинары өтті.

 

Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Николай Пак, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Цифрлық білім беру институтының білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Александр Гришкун, сондай-ақ университеттің проректорлары, қашықтан оқытуға жауапты құрылымдық бөлімшелердің, институттар мен кафедраларының басшылары қатысты.

 

Вебинардың модераторы-Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев болды.

 

Іс-шара барысында қашықтан оқытуды ұйымдастыру және дамыту, қашықтықтан оқыту курстарының сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, Zoom, Google Hangouts, BigBlueButton платформаларын пайдалануға салыстырмалы талдау жүргізілді. Сонымен қатар мамандар www.bilimland.kz электронды оқыту платформасын және STEM білім беру курстарын қашықтан оқыту әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

 

Вебинар жұмысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Білім беруді ақпараттандыру департаментінің директоры Бахытжан Ахметов, КМПУ білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Николай Пак, МҚПУ-дың білімді ақпараттандыру кафедрасының доценті Александр Гришкун, ҚазҰПУ-дың Математика, физика және информатика институтының аға оқытушысы Нұржамал Ошанова баяндама жасады.

 

Қазақстандық жоғары оқу орындарының қашықтан оқытуға көшуіне байланысты Абай университеті оқытушылары мен студенттеріне оқу жүктемесіне, оқу жұмыс жоспары мен бағдарламаларға, сабақ кестесіне сәйкес қашықтан білім беру технологиялары негізінде электрондық платформаларға қолжетімділік берілді. Арнайы нұсқаулықтар ұсынылды. Қашықтан білім беру құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар, вебинарлар мен семинарлар қолданылады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім