Негізгі бет
Жаңалықтар
31.03.2020 «Коллоидты химия» пәнін онлайн-режимде оқыту
ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында онлайн-білім беру жүйесіне ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сабақ кестесіне сәйкес білім алушыларды қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Химия кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Жанар Жақсибаева «5В011200-Химия» мамандығының 3 курс студенттеріне Коллоидты химия пәнінен «Беттік белсенді заттар. Беттік белсенді заттардың әсер ету механизмі» тақырыбында дәрісті ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн-режимде өткізді. Онлайн-дәрісте студенттерге Power Point-презентация, тақырыпқа байланысты видеороликтер мен демонстрациялық эксперименттер көрсетілді. Студенттермен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына SWOT талдау жасалынып, қорытындыланды.
«Химия» кафедрасы
|