қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2016

Жолдау қолдауға ие

2016 жылдың 17 ақпаны күні университетімізде Тәрбие басқармасы және Сорбонна-Қазақстан институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция 1. Қазақстанның экономикалық дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері 2. Саяси-құқықтық және халықаралық қатынастардың жаңа ғаламдық нақтылығы шарттары 3. Білім жүйесін жаңғыртудың басымдылықтары дағдарысқа қарсы стратегияның құрамды бөлігі ретінде атты үш секциядан тұрды. Республикалық ғылыми-практикалық конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Ж. Аманжолова, Заң ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі С.Н. Сабикенов, ҚР ҒжБМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры орынбасары, э.ғ.д, профессор Н.К. Нұрланова қатысты. Аталған шараны университетіміздің ректоры Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашып, даму стратегиясының айқын басымдылықтарын атап өтті. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары З.Ж. Аманжолова «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешудегі «Нұр Отан» партиясының рөлі мен қызметі» тақырыбында баяндама жасап, партия жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып кетті. Бұл ғылыми-практикалық конференцияда әлемдегі экономикалық, әлеуметтік жағдай мен саяси дағ¬дарысқа байланысты тығырықтан шығу аспектілері талқыланып, күрмеуін шешу жолы тілге тиек етілді.

 

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және
мемлекеттік тілді дамыту басқармасы