қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.01.2016

2016 жылдың 25 қаңтарында сағат 14.00-де № 1-оқу ғимаратының 408-дәрісханасында жалпы педагогика кафедрасы оқытушылар мен магистранттар үшін әдіснамалық семинар өткізді.
Семинарда п.ғ.к., доцент Жұмашева Светлана Сатыбалдықызы «Интерактив как концепция организации учебного процесса в педагогическом вузе» тақырыбында баяндама жасады.Баяндамада педагогикалық білім беруде интерактивті қолдану қажеттілігі қазіргі концептуальды, методологиялық және технологиялық тұрғыдан ашылып, негізделді; педагогикалық ЖОО-дағы оқыту жүйесіне жаңа ұстанымдарды енгізудің жүзеге асыру шарттары мен бағдарламалық талаптары анықталды.Қосымша баяндамашы университет профессоры, п.ғ.к. Сайдахметов Бауыржан Сейтбекұлы «Өрлеу» бағдарламасы бойынша (Астана,2015) кәсіби біліктілікті көтеру қорытындысы жайында хабарлама жасап, өзінің педагогикалық пәндер бойынша жүргізетін сабақ үрдісіндегі интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдануда қол жеткізген тәжірибесімен бөлісті.

Баяндамаларды талқылауға кафедра меңгерушісі п.ғ.д.,профессор К.К.Жампеисова, п.ғ.к., профессорлар Ш.Ж. Колумбаева, С.И. Калиева және т.б. қатысып, өз пікірлерін білдірді.Әдіснамалық семинар қорытындысы бойынша болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау жүйесінде оқытудың интербелсенді әдістерін қолдануға қатысты профессорлар-оқытушылар қызметін жандандыру туралы ұсыныстар қабылданды.


Хабарламаны дайындаған Жұмашева С.С.