қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.01.2020

Мектеп оқушылары арасындағы «ABAI UNIVERSITY CUP» Ректор кубогы 

 

Биыл «Еріктілер жылы» аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде әр алуан іс-шаралар өткізілуде. 25 қаңтарда Алматы қаласының 8 ауданынан 16 мектептің 250 оқушысы қатысқан «ABAI UNIVERSITY CUP» Ректор кубогына арналған кіші футболдан турнирі мәресіне жетті.


Дәстүрлі іс-шараның мақсаты қаладағы футбол сүйер мектеп оқушыларының спортқа деген ынта-жігерін қолдауға, отандық футболдың маңыздылығын арттыруға бағытталған болатын.


Турнирді ресми ашқан университет ректоры Такир Балықбаев өз сөзінде, биылғы жыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жарияланғанын айта келе, осы жылы университетімізде көптеген игілікті іс-шаралар өткізілетінін атап өтті. Студенттік ректораттың бастамасымен былтырдан бері Алматы қаласының 8 ауданынан іріктелген 16 мектептің оқушыларымен кіші-футболдан дәстүрлі жарыстар өткізіліп келеді. Бұл мектеп оқушыларының спортқа ынта-жігерін, білімге деген құштарлықтарын арттыра түсуде.


Қала аудандары мектептерінен іріктелген командалардың тартысты ойындарынан кейін финалға Түрксіб ауданының №131 және №17 қос мектебі шықты.


Турнир кезеңі бойынша ресми топтық кездесулердің «Үздік шабуылшысы» болып №17 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сэйф Попов, «Үздік қақпашы» №31 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мирас Көбеев, «Үздік қорғаушы» №178 лицейінің оқушысы Рауан Нұрболат атанды. Барлық үздік ойыншылар 10 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.


Ал негізгі қатысушы мектептер ішінен суырылып алға шыққан Алатау ауданының №178 лицейінің құрамасы үшінші орынды иеленсе, екінші орында Түрксіб ауданы №31 жалпы білім беретін мектебінің құрамасы орнықты. Турнирдің жалпы қорытындысы бойынша, финалда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ректорының кубогын Түрксіб ауданының №17 жалпы білім беретін мектебінің командасы иеленді.


Ұйымдастырушылар тарапынан барлық мектептің спортшыларына арнайы дипломдар, кубоктар және ақшалай сыйлықтар, ал мектеп оқытушылары мен жетекшілеріне арнайы Алғыс хаттар табысталды.


Ескере кететін жайт, «ABAI UNIVERSITY CUP» Ректор Кубогы іс-шарасының кеңістігі тек спортты қамтып қана қоймай, еліміздің шығармашылық-интеллектуалды жастардың қызығушылығындағы салаларды да қамтиды.