қазақша · русский · english
   
Басшылық
23.10.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының Орталық Азия Француз зерттеу институтының

(IFEAC) директорымен кездесуі.


Ағымдағы жылдың қазан айының 19-шы жұлдызында, Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, профессор Такир Балықбаев Орталық Азия Француз зерттеу институтының директоры, Сорбонна-Қазақстан институтының профессоры Катрин Пужоль ханыммен және Париж Декарт университетінің "Психология" мамандығының бакалавриат бағдармаларының үйлестірушісі, профессор Ева Дрозда ханыммен кездесті.
Кездесудің мақсаты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен IFEAC арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау болды.
Кездесу барысында келесі тақырыптар талқыға салынды:
- "Төтенше жағдайлар психологиясы" курсы;
- "Алматы қаласының атласы" жобасы;
Кездесу кезінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай «Жібек жолының жаңа жолдары» атты халықаралық конференция ұйымдастыру жұмыстарына қатысты сұрақтар қозғалды, сонымен қатар, INALKO, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесімен «Қазіргі замандағы диалог ұғымы: философиялық мәнін түсіну және практикалық қолдану» атты халықаралық онлайн-конференцияны ұйымдастырудың егжей-тегжейлерін айқындау мәселелері де бас назарға алынып, INALKO -мен Erasmus + академиялық ұтқырлық бағдарламасын ұйымдастыру және оның ішінде «Психология» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері ойластырылыды.

 

 

 

 




Кері оралу