қазақша · русский · english
   
Басшылық
19.05.2017

        QS пен Банастали Университеті арасындағы ынтымақтастыққа жасалған QS үшкүндік семинары 2017 жылдың 15 ақпанында Индиядағы Джайпурда сәтті аяқталды.
      «Высшее образование женщин для лидерства и социальных инноваций» тақырыбы аясындағы шараға үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың жоғары білім секторы өкілдерінен құралған 65 мекеменің 21 елдің өкілдері қатысты. Семинарға 171 қатысушы тіркелген.
       QS шарасы Банастали университетінің қалашығына тур және Раджастанның дәстүрлі мәдениетіне арналған Choki Dhani кешкі асы ұйымдастырылды. ITC Rajputana Palace қонақүйінде өткізілген семинар презентация, пікірталас, әлеуметтік шараларға толы болды. Сөз сөйлегендердің ішінде Гвинеялық, Африканың аңызына айналған, білім саласындағы саясатты құрастыруда үлкен тәжірибесі бар, Білім министрі және БҰҰ өкілі Айша Бах Диалло ханым. Малайзияның жоғары білім минситрінің орынбасары Датук Мери Яп мырза және Раджастанның заң шығарушы ассамблеясының мүшесі, Джайпураның аса мәртебелі ханшайым Дия Кумари. Барлық Азия-Тынық мұхиты аймағы, Сауд Арабиясынан Фиджи мен Японияға дейінгі университеттердің өкілдері баяндама оқыды. Әйелдер колледжі коалициясы басшылығы мен АҚШ Ұлттық ғылым академиясы да баяндама оқыды.

 

 

 




Кері оралу