қазақша · русский · english
   
Басшылық
29.02.2016

22-27 ақпан аралығында университетімізге Лейпциг университетінің (Германия) өкілдері: деканның оқу ісінің орынбасары, профессор Гунар Зенф, педагогика институтының атқарушы директоры Барбара Дринк, оқу ісінің үйлестірушісі Махаббат Кенжегалиева сапарлап келді.
Сапар барысында өкілдер бірінші проректор М.Е.Ермаганбетовпен кездесіп, серіктестіктің алдағы мүмкіндіктерін, жоо педагогика және психология Институттары арасындағы қол қоюға әзірленіп жатқан шарттың маңызды мәселелерін талқыға салды. Сонымен қатар, педагогика және психология Институтының студент, магистранттарымен «Жоо психология пәнін жаңа технологиялар арқылы оқыту» тақырыбында кездесу өткізіп, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасымен танысты.

 

  

 




Кері оралу