қазақша · русский · english
 
 
 
Жаңалықтар

 

Білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс

 

2018 жылдың 15 мен 17 - ші ақпан аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде 23 педагогикалық мамандық бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұны талқыланды. Мектеп бағдарламасының мазмұнының өзгеруіне байланысты жаңа бағдарламалардың құрастыру қажеттілігі туындады. Бағдарламаларды талқылауға құрастырылған РОӘК ОӘС - тың «Білім беру» мамандықтар тобына біздің университетіміздің профессор - оқытушылар құрамымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, АБҚ «Назарбаев Интеллектуалды мектеп» қызметкерлері, бірқатар университеттердің өкілдері кірді.


Жаңа білім беру бағдарламаларының ішінде «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары қарастырылды. Бағдарлама бойынша жұмысты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Сәуле Әбішева, Зинаида Поляк және Айымгүл Казкенова жүзеге асыруда. 15-17 ақпан аралығында бұл бағдарламалардың талқылауына бірқатар университеттер профессорлар- әріптестеріміз де қатысты: Евгения Журавлева (Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті), Лейла Мирзоева (Сүлейман Демирель атындағы Университет), Сауле Жарбулова (Кызылординский государственный университет имени Қорқыт Ата атындағы).


Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылысы бойынша бірлескен талқылау нәтижелі өтті: өзге университеттердегі әріптестеріміз өз тәжирибелері жөнінде баяндап, педагогикалық ЖОО-ндағы болашақ орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларын даярлау жайындағы өз көзқарастарымен бөлісті. Бағдарламалар бойынша жұмыс бірнеше айға ұласуда.

 

 

 

Ашық дәріс


2017 жылдың 9 қарашасында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішева ашық дәріс өткізді.

4-ші курс бакалавриат студенттері Сәуле Әбішеваның жетекшілігімен ХХ ғасырдың орыс әдебиетін үлкен қызығушылықпен оқиды, себебі дәл осы дәуір әлемге керемет жазушыларды паш етті. Олардың көпшілігі қиын, кейде қайғылы тағдырды бастарынан кешті.

ХХ ғасырдағы орыс және қазақ поэзиясының танымал маманы, профессор Сәуле Әбішева - өз білімімен болашақ филологтармен бөлісуде. Ол «Анна Ахматованың поэзиясының ерекшеліктері» тақырыбында өткізген дәрістің ғылыми тереңдігі мен сұлулығын біріктіре білді.

Келесі оқу жылында осы студенттер мектеп мұғалімдері болады. Бүгінгі поэзия туралы әңгіме олар үшін педагогикалық шеберліктің қайталанбас үлгісі болды.

 

 

 

2017 жылдың сәуіріндегі ашық дәрістер


     2017 жылдың сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылардың ашық сабақтары өтті. Ұстаздар өздерінің жоғары дәрежелі маман екендіктерін, студенттік аудиториямен жақсы жұмыс алатындықтарын, біліктілік пен әдістемелік шеберліктерін көрсетті. 

 

 

Нұсқау:
А.К. Казкенованың дәрісінің презентациясы
А.К. Казкенованың дәрісінің жоспары
М.К. Абаеваның дәрісінің презентациясы
М.К. Абаеваның дәрісінің жоспары

 

Фольклордағы мифты қалпына келтіру өте қызық

 

    2017 жылдың 8 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к., Шолпан Тимуровны Адибаеваның ашық сабағы өтті. 1 курста өтілетін «Русский фольклор» пәні шеңбері аясында фольклор, әдебиет және жарнамадағы мифты қалпына келтіру тақырыбы талданды.
    Жаңа білім беру технологиялары: құндылықты бағыттағы әдістер, ақпаратты-компьютерлік технологияларды қолдану, мифологем әдісі, тәжірибемен алмасу әдісі, ой-талқы, консалтинг әдісі, рефлексия әдістері сабақтың негізін құрады.
    Студенттер көрнекілік құралдары мен таратылатын ақпараттарды белсенділікпен қолданды. Осындай сабақтардағы студенттерді қызықтыратын ол: шығармашылық қалып, тақырыпқа деген қызығушылық және өзін-өзі көрсету мүмкіндігі.

 

 

    Ш.Т. Адибаеваның ашық сабағында                                              Интерактивті тапсырма 

 

     Студенттер сұраққа жауап беруде                                                          Сабақ соңында

Сілтеме:

Сабақ жоспары
Сабаққа презентация

 

Профессор Қ.С. Бұзаубағарованың ашық лекциясы


2017 жылдың 7 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Қ.С. Бұзаубағарованың 6Д021400 - Әдебиеттану 1 курс мамандығы бойынша «Салыстырмалы әдебиеттану» пәні бойынша ашық лекциясы өтті. Лекция қазіргі таңдағы филологиядағы жетекші бағыттардың бірі контактты байланыс пен әдебиеттегі типологиялық ұқсастыққа арналды. Пәнаралық дискурс пен имагологияның элементтері О.Сүлейменов шығармашылығының әлем мәдениеті кеңістігіндегі парадигмасын анықтауға көмектесті. О.Сүлейменов шығармашылығының негізінде мәдени әртүрлілік, мәдени жаһандану жалпыға ортақ, ұлттық және жеке тәжірибеге негізделіп байланысқан. Лекция ғылыми-теоретикалық, методологиялық деңгейде дәстүрлі академиялық лекциялардың бірі болды. Ашық лекцияны оқытушылар, докторанттар мен магистранттар тыңдады

 

1) К.С. Бұзаубағаровның ашық лекциясының конспектісі
2) К.С. Бұзаубағаров лекциясының презентациясы
3) К.С. Бұзаубағарованың ашық лекциясының хаттамасы Кафедрадағы ашық лекция

 

Кафедрадағы ашық лекция

 

2016 жылдың 31 қазанында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор С.Ж. Әбішеваның ашық лекциясы өтті. «20 ғасырдағы орыс әдебиетінің тарихы» пәні бойынша «1930 жылдардағы әдебиет. «Осип Мандельштамның тағдыры мен поэзиясы» тақырыбындағы ашық лекцияны 4 курс студенттері мен оқытушылар тыңдады. Тыңдаушылар С.Ж. Әбішеваның ашық лекциясына жоғары баға берді.

 

Жалпы мәліметтер

Кафедра екі мамандық бойынша мамандарды дайындайды: 5В012200 «Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті». Оқытушылар мынандай негізгі пәндерден «Тіл біліміне кіріспе», «Жалпы тіл білімі», қазіргі орыс тілінің  фонетикасы, лексикасы, морфологиясы и синтаксисі, сонымен қатар, «Әдебиеттануға кіріспе, «Әдебиет теориясы», «Орыс халық шығармашылығы», «Ежелгі орыс әдебиеті», 18 ғасырдан бастап 21 ғасырға дейінгі орыс әдебиетінің тарихы пәндерін оқытады. современного русского языка, а также «Введение в литературоведение», «Теория литературы» «Русское народное творчество», «Древняя русская литература», история русской литературы с 18 века по 21 век. Кафедраның жалпы оқытатын пәндерінің саны шамамен 50-дей пәнді құрайды. Сонымен қатар, кафедра қолданбалы орыс тілі пәні жүретін филология факультетінің қазақ бөліміне және шет тілдері мен халықаралық қатынас  факультеттеріне қызмет көрсетеді. Барлық курс бойынша оқытушылар пәндердің оқу-әдістемелік кешенін жасаған. Кафедраның барлық мүшелері 5В012200 «Орыс тілін оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» және 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша типтік бағдарламалардың авторлары, ЖОО-ның білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының авторлары (С. Д. Әбішева, С. А. Никитина), 5В011800 «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Халықаралық стандарт жобасының авторлары болып табылады (С.Д. Әбішева, З.Н. Поляк, А.К. Казкенова), сонымен қатар, жалпы білім беретін мектептерге арналған білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының авторлары.

Кафедраның 8 оқытушысы (С.Д. Әбішева, Ш.Т. Кожакеева, С.А. Никитина, Т.С. Ошкина, З.Н. Поляк, Е.А. Ломова, М.И. Уюкбаева и Р.У. Арзиев) - мектептегі орыс тілі мен әдебиеті кітаптарының авторлары. Кафедра оқытушылары зияткерлік меншікті тіркеу туралы 45 авторлық куәлікке ие (С.Д. Әбішева - 3, Ш.Т. Кожакеева - 25, С.А. Никитина - 7, Т.С. Ошкина - 10).


2015-2016 оқу жылында Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқу-әдістемелік жұмысы алғашқы отырыста бекітілген жоспармен жүзеге асырылауда (хат. №1. 01.09.15). Жаңа оқу жылдың бірлескен отырыстарында әдістемелік секциялардың іс-құжатын жүргізу, жұмыстың бағытын айқындау сияқты мәселелер қозғалды.
Жоспарланған жұмыстың тақырыптары мемлекеттік білім бағдарламалары, үлгі-құжаттары, оқулықтары мен оқу құралдары, жаңа психолого-педагогикалық, лингводидактикалық және әдебидидактикалық зерттеулері мен педагогикалық жаңашылдықтары мен жаңалықтарына негізделген.
Бірінші жарты жылдықта жоспарланған оқу жүктемесі толық жасалынды. Кафедра ұстаздары университет порталына арнап курс бойынша оқу әдістемелік кешендерінің электронды үлгілерін даярлап, «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» и «5В012200 - орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының кешендерін университет порталына жүктеп қойды. Абишева С.Ж. РОӘК Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті ОӘБ жетекшісі. Никитина С.А. мен Казкенова А. К. РОӘК Абай атындағы ҚазҰПУ ОӘБ 5В011800, 6М011800, 6D011800 және 5В012200, 6М012200, 5D012200 секцияларының төрағалары. Кожакеева Ш.Т., Никитина С.А. профессорлары 12 жылдық орта білім беретін мектептерге білім және пән бағдарламаларының мемлекеттік үлгісін жасайтын шығармашылық топтың мүшелері.
Жаңа білім беру технологияларын іздестіруде студенттердің шығармашылық, дербес әрекетіне бағытталған кредиттік білім беру жүйесінің ерекшеліктері ескеріліп жүзеге асырылады. Кафедра қолданатын педагогикалық инноватика белгі-мәтіндерін, интерактивті және модульді білім берудің әдіс-тәсілдеріне негізделген және жеке тұлғаға бағытталған.
Пәндерді үйретуде кафедра ұстаздары студенттердің тұлғалық, интеллектуалды белсенділігін , оқуға деген құлшынысын арттыратын тапсырмалар береді. Мысалға, көптеген ұстаздар белгі-мәнмәтін технологиясын қолданады. Бұл технологиялар студенттердің болашақ мамандықтарының жұмыс шеңберін анықтауға көмектеседі. Кафедра ұстаздары құрастыратын жаңа технологияларда психология, педагогика, методология, лингвистика мен әдебиеттану ғылымдарының жетістіктері ескеріледі. Жаңа интенсивті әдістер: аудио-видеоқұралдар, компьютерлік технологияларды қолдану филология мамандығын оқытудың болашағын айқындайды. Кафедра мұғалімдері сабақта интерактивті, кластерлі, кейс әдістерін және интернет ресурстарды қолданады.
Абишева С.Д., Никитина С.А. профессорлары, Поляк З.Н., Эглит Л.В., Каскеновой А.К. доценттері лекцияларында интерактивті әдістердің түрлі бағыттарын қолданады: экспресс сауал, кіші және үлкен топтармен жұмыс, коллоквиум, презентация. Профессор Кожакеева Ш.Т. «әдебиет сабағындағы әдістер» пәнінде Case-study, ғылыми пікір талас, смарт мақсат, рөлді ойындар сияқты интерактивті технологияларын қоладанады.
Казкенова А.К. мен Абаеа М.К. доценттері сабақта ақылмандар сарабы, ассоциация шеңберін құру, салыстыру, барлық айтылған ақпараттарды жинақтау, кіші топтардағы талқы әдістерін ұстанады.
Қазақстан қоғамының рухын көтеру мақсатында сабақтарда адамгершілік мінез-құлық қағидаларын тіл арқылы жеткізу технологиялары ойластырылған.
Кафедраның ғылыми және кәсіби потенциалының арқасында кредиттік білім беру жүйесін, интернеттегі мәліметтер мен бақылаудың түрлі әдістерін меңгерілуде.

943
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler