қазақша · русский · english
 
Ғылыми- зерттеу қызметі
     
     

     

    Шетел тілдері кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы орта мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында шет тілдерін оқытудың әдістемелік мәселелерін зерттеуге бағытталған.


    Жаңа технологияларды дамыту

     

    ҚР БҒМ жобалары аясында кафедра оқытушысы (Жалалова А.М.) «Кәсіби бағытталған шет тілі (болашақ пән мұғалімдерін тілдік-құзыреттілік - коммуникативтік модельде дайындау)» атты оқу құралын шығарды.


    Есеп беру кезеңінде, 29.10.2018 - 25.11.2018 ж. аралығында шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі д.ф.н., профессор Ж. Абуовтың басшылығымен (аға оқытушы Утегулова З.) Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары үшін дәрістер ұйымдастырылды. Дәрістерді Erasmus + Credit International Mobility жобасы аясында өткізілген қысқа мерзімді Еврокомиссия және Nuffic ұтқырлық бағдарламасы бойынша арнайы шақырылған шетелдік ғалым, Лейден университетінің (Нидерланды) профессоры Хенк Френкен (Henk Frenken) жүргізді.


    Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы (ф.ғ.д., профессор Ж. Абуов, ф.ғ.д., профессор Т.Т. Аяпова, ф.ғ.к., доцент С.Н. Балмуханова, ф.ғ.к., аға оқытушы А.К. Омарбекова, PhD, аға оқытушы А.М. Жалалова және т.б.) басқа университет түлектерінің ғылыми магистрлік және дипломдық жұмыстарына рецензент болды.


    Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми іс-шараларға қатысуы
    2018 жылы кафедра профессор-оқытушылар құрамының 50-ден астам ғылыми еңбектері жарияланды, оның көпшілігі - ғылыми мақалалар. Оның ішінде: алыс шет елдерде - 2, жақын шет елдерде - 2, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда - 5, Қазақстанның басқа да басылымдарында - 18, шетелдік ғылыми конференцияларда жарияланған тезистер саны - 1, жақын шетелдерде болып өткен ғылыми конференциялар жинағында жарияланған тезистер - 3, Қазақстан Республикасында болып өткен ғылыми конференцияларда жарық көрген тезистері - 16, импакт-факторлы журналдарда - 2 (Scopus).


    Кафедра қызметкерлері ғылыми іс-шараларға, соның ішінде шетелдік (Ж. А. Абуов, З. Н. Утегулова) Erasmus + Credit International Mobility жобасы және отандық (Аяпова Т. Т., Абдрахимова Г. Б., Шаяхметова Д. Б., Жалалова А.М., Кемелбекова З. А., Букабаева Б. Е., Картабаева А. А.) ҚР Ұлттық Ғылыми Кеңесінің «Ғылымды дамытудың басым бағыттары «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері бойынша (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» ғылыми жобаларға қатысып келеді.


    2018 жылы кафедра оқытушылары түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысу мақсатында іс-сапарларда болып қайтты (біліктілікті арттыру; CLIL саласындағы сарапшылармен тәжірибе алмасу; мұғалімдерге арналған тест тапсырмаларын сараптау және рецензиялау; халықаралық семинарға қатысу).


    Кафедра оқытушылары білімін көтеру мақсатында Erasmus+International Credit Mobility (СLIL in the Netherlands and in Kazakhstan) бағдарламасы бойынша шақырылған Нидерландының жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары жүргізген түрлі халықаралық семинарларға, сондай-ақ "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығы Қазақстан қорлары ұйымдастырған Алматы қаласында өткен семинар-тренингтерге белсенді қатысады, сонымен қатар әр түрлі гранттар мен ғылыми конкурстарға қатысады және бұл кафедраның ғылыми және білім беру кеңістігін кеңейтуге ықпалын тигізуде. Сонымен қатар, есеп беру кезеңінде кафедраның 2 оқытушысы IELTS халықаралық сертификатына ие болды (Беркінбаева Г., Жауыншиева Ж. Б.), Кембридж университетінің 2 оқытушысы Teaching Knowledge Test (TKT) сертификатының иегері болды (Султанкулова Ш.У., Мысекеева А. Б.).


    Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың жұмыстарына ҒЗЖ есебінің нәтижелерін енгізу
    СҒЗЖ дамуының негізгі міндеті - студенттерді бірінші курстан бастап ғылыми-зерттеу жұмысына тарту болып табылады. Кафедрада магистранттар мен студенттердің ғылыми жұмысына басшылық жасау, олардың жыл сайын ғылыми конференцияларда баяндама жасауын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп отырады.


    22.11.2018 жылы кафедра оқытушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған «Филологиялық білімдер инновациясы: дәстүр мен сабақтастық» дәстүрлі студенттік 73-ші ғылыми конференциясы шеңберінде «Шетел тілін үйренудің өзекті мәселелері (бакалавриат, магистратура)» атты студенттік секция жұмысын ұйымдастыруға ат салысты.


    Конференция жұмысына 22 оқушы белсенді қатысты, оның ішінде студенттер - 15, магистранттар - 7. Конференция қорытындысы бойынша студенттер мен магистранттар бірінші (Ушурова М., Сарыева М.), екінші (Есилұлы Б., Шалқар А., Батирова Ж., Мустафаева Н.) және (Қатаева Л., Көбейсінова Ә., Ерходжаева Д., Закир Қ., Керімбаева А., Уткельбаева А.) үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ ғылыми жетекшілері: Балмуханова С.Н., Жалалова А. М., Лукпанова С. М., Садырмекова И. М., Қансейтова Э. Ж., Султанкулова Ш. У. Мамырбаева М. З. алғыс хаттармен марапатталды. Конференцияға қатысушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары конференцияның ғылыми жинағында жарық көрді.

     

    Ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық есебі 2018 ж

     

     

    763
     
     
     
     
    Besucherzahler
     
    Besucherzahler