қазақша · русский · english
 
 
 
 Абуов Жумагали Абуович
Кафедра меңгерушісі
Филология ғылымдарының докторы, профессор
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-317-39-04
Zh.abuov@mail.ru


Шетел тілдері кафедрасы 1928 жылы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушілері: Шварцман В.М., Джумабаева М.Р., Мамытбеков К.М. 1997-2015 жылдар аралығында кафедраны п.ғ.к., профессор К.С.Мусаева басқарып келді. 2016 жылы бұл кафедра атауы кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасы болып өзгертіліп, кафедра меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Жумағали Әбуұлы Әбуов тағайындалды. Аталмыш кафедра 2018 оқу жылынан бастап филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Т.Аяпова меңгеруші болып келген Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасымен бірігіп, Шетел тілдері кафедрасы болып қайта өзгертіліп,кафедра меңгерушісі филология ғылымының докторы, профессор Жумағали Әбуұлы Әбуов қайта тағайындалды.

 

Бүгінгі таңда кафедра құрамы 39 оқытушы,сонымен қатар қос қызметтілікте қызмет атқаратын 10 оқытушымен толықтырылған.


Олардың ішінде: 2 ғылым докторы, 1 профессор, 10 ғылым кандидаты, 1 PhD Доктор, 26 ғылым магистірі, 9 аға оқытушы жұмыс атқарады.

 

Кафедра миссиясы: Шет тілдерін білу арқылы үздіксіз өзін-өзі оқытуға және одан əрі дамытуға қабілетті, кәсіби қарым-қатынаста шетел тілін белсенді пайдалану үшін сөйлеу жəне ауызекі тілдің жəне мамандықтың тілін білетін дағдылар мен практикалық дағдыларды игеру.


Кафедра «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша 4 курс бакалавр (1,2,3,4 курстар) және 1,2 курс магистратура деңгейлеріне, сонымен қатар «Филология және көптілді білім беру», «Педагогика және психология»,«Тарих және құқық», «Математика, физика және информатика», «Жаратылыстану және география», «Өнер мәдениет және спорт» институттарында білім алып жатқан 1 курс магистранттары мен студенттеріне белсенді әдістерді қолдана отырып ағылшын тілінен сабақ береді.


2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстандық агенттігі 5В011900 «Шетел тілі: екі шетел тілі» бойынша бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізді.


Студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыс жасау деңгейлеріне сәйкес қатаң талаптар қойылып, дипломдық зерттеу жұмыстары және магистрлік диссертациялар деңгейі жоғары көтеріліп,оларды қорғау да жоғары бағалануда.


«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша білім бағдарламасы жасалынып,(авторлары: ф.ғ.д.,проф. Т.Т.Аяпова, ф.ғ.к., доцент м.а. Б.Е.Буқабаева, ф.ғ.к., доцент м.а. З.А.Кемелбекова) ҚР Оқу және Білім министрлігіне ұсынылып, оң баға алды.


Ф.ғ.д. профессор Т.Т.Аяпованың ұсынысы және бастауымен «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы атты Хабаршы өмірге келді. Бұл шетел тілдеріне арналған Қазақстан Республикасындағы ең алғаш және дара басылым.


Кафедра «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша ф.ғ.д. профессор Т.Т.Аяпованың жетекшілігімен Ph.D., аға оқытушы Г.О.Сейдалиева және Ph.D., аға оқытушы Ш.А.Әкімбекова докторантура құжаттарын дайындап, Білім және ғылым министрлігіне тапсырды.

 

«CLIL оқытушыларын даярлау және білім жетілдіру инновациялық орталығы арқылы ҚР Жоғары оқу орындарындағы көптілді білім беруде пәндік-тілдік кіріктіріп оқытуды еңгізу үдерісін жаңғырту» жобасы аясында жоспарланған орталықты дайындау.


Кафедраның оқытушы-профессорлары ректорат тарапынан берілетін аударма істерімен жиі айналысуы да кафедраның ең маңызды қоғамдық үлесі болып табылады.


Кафедра меңгерушісі филология ғылымының докторы, профессор Ж. Ә.Әбуов және проф. Т.Т.Аяпова латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі Ұлттық Комиссиясының мүшелері болып табылады.

 

Кәсіби шетел тілі коммуникациясы кафедрасы XXI ғасыр дамуына лайықты бола отырып, сапалы адами капиталды дамыту мақсатын көздей отыра өз университетінің білім беру саласында бәсекеге қабілетті болып, алдыңғы шепке шығуына бар үлесін қосады.

 

1668
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler